22
Жұма,
Қараша

һижри

Мұхаррамның 10-ы  күні бір күн ораза ұстау дұрыс па?

Мұхаррамның 10-ы  күні бір күн ораза ұстау дұрыс па?

Ораза

Оразаны Мұхаррамның 10-шы күні ғана тұтып қоймаған абзал. Олай ету құлшылықта өзге дін өкілдеріне ұқсау болып табылады. Сондықтан, оразаны 9-шы және 10-шы күндерде қатар тұтқан жөн.

Ал 11-ші күнді қосып тұту "ықтият оразасы" деп аталады. Қатарынан үш күн бойы ораза тұту да сауапты іске жатады.

Рубәйиғ есімді сахаба әйелден жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мұхаррамның оныншы, яғни ашура күні таңертең ансарлардың ауылдарына шабарман жіберіп: «Таңертең кім ораза тұтпаған болса, күннің қалған бөлігінде ораза ұстап, аяғына дейін жеткізсін, ал кім таңертең ораза ұстаған болса, ары қарай тұта берсін» деп хабар таратады. Міне, содан бері мұсылмандар үшін Ашура күні ораза тұту сауабы мол мұстахаб амал болып есептеледі. Сондай-ақ, Мұхаррам айындағы құлшылық тек ораза тұтумен ғана шектелмейді. Бұл айды Алла қасиетті еткендіктен зұлымдық атаулының барлығынан аулақ болып, керісінше Алланың разылығына жетелер қандай да бір ғибадат түрлерін мейлінше көбірек орындауымыз тиіс.

ummet.kz

Бөлісу: