22
Жұма,
Қараша

һижри

Қазасы өтелетін оразаның сипаттары

Бүгін – дұғалар кері қайтарылмайтын берекелі түн Бараат түні жасауға тыйым салынған амалдар Шайтанның ішімдікті қолдануы Намаз – мүміннің миғражы Жүкті кезде оқылатын аяттар мен сүрелер Рамазан айының уақытын анықтау мәселесі Қазасы өтелетін оразаның сипаттары

Ораза

Азық ретінде жеуге дағдыланбаған нәрселерді ішіп-жеу. Мысалы, тас, топырақ, піспеген күріш, шикі қамыр, ұн секілді нәрселерді жеу;

  • Әлі іші толмаған жаңғақ пен кепкен пістені қабығымен жұтып жіберу. Бұлар әдетте азықтану үшін қолданылмайтын заттар болғандықтан, тек қазасы өтеледі, кәффарат қажет емес.
  • Артқы жыныс мүшесіне свеча қою, әрі дәрі ағызу;
  • Мұрынға дәрі тамызу;
  • Тамаққа май құйғышпен сұйықтық өткізу;
  • Бастағы немесе қарындағы жараға жағылған дәрінің денеге (асқазан мен миға) енуі;
  • Жаңбыр, қар мен бұршақты байқаусызда жұту;
  • Дәрет алу барысында мұрын мен тамағын шайғанда байқаусызда кеңсіріктен судың өтіп кетуі;
  • Өз қалауымен, біле тұра мұрнымен немесе аузымен түтін жұту;
  • Рамазан айында күш көрсетіп зорлау, өлтіретіндей етіп тепкіге жығу, бір ағзаны кесіп алу секілді жолдармен қорқытып жыныстық қатынас жасауға мәжбүрлену; Алайда жеңіл-желпі ғана ұрып-соғу немесе қамап қою арқылы жасалған қысым нәтижесінде оразасын бұзғандарға әрі қаза, әрі кәффарат қажет.
  • Ұйықтап жатқан адамның аузына су құйып жіберген жағдайда оразасы бұзылады, қазасын өтеуі қажет. Сол секілді әйел кісі ораза уақытында ұйқы халінде жыныстық қатынас жасалған болса, әйел қазасын өтейді.
  • Ораза екенін ұмытып тамақ жеп қойған адамның оразам бұзылды деп ойлап тамақ ішуі;
  • Тістерінің арасында қалып кеткен ноқаттай нәрсені жеу;
  • Өз қалауымен құсу (мейлі ауыз толтыра құссын мейлі ауыз толтырмасын);
  • Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім құсатын болса, оразаның қазасын өтеуі қажет емес. Алайда өз қалауымен құсса, оразасын қаза етуі қажет», – деген.
  • Ауыз толтыратындай мөлшерде еріксіз келген қақырықты жұту;
  • Сәресі уақыты өтіп кеткенін білмей тамақ жеп қою;
  • Күн батты деп уақыт кірмей тұрып ішіп-жеу;
  • Әйелін сүю, құшақтау нәтижесінде әйел мен еркектен мәнидің келуі;
  • Рамазан айында ораза ұстауға ниет етпей тамақ ішіп-жеу. Бірақ жоғарыда да ескерткеніміздей, себепсізден-себепсіз ораза ұстамау үлкен күнә. Сондықтан ондай адамдарға тәубе жасау қажет болады.
  • Қан жұту. Ауыздағы қанның көлемі түкіріктен көп болса ораза бұзылады;
  • (Мастурбация-истимна) Қолмен (мәни) ұрық шығару.

материал «Ораза – теңдессіз құлшылық» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: