25
Дүйсенбі,
Қараша

һижри

Рамазан оразасының қандай пайдалары бар?

Рамазан оразасының қандай пайдалары бар?

Ораза

Басқа ғибадаттар секілді оразаның да адам баласы үшін сан түрлі пайдалары бар.

Бірінші кезекте, ораза ұстаушы Алла Тағалаға бойұсыну арқылы өз бойына тақуалық дәнін егеді. Ораза – адамға өнегелі мінезді үйрететін тәрбие мектебі. Оразаның көмегімен адам өз бойындағы жағымсыз сипаттардан арылады. Ораза сабырлы болуды және жүйелілік пен тәртіпті үйретеді. Аузы берік адам айналасындағы аш адамдардың күйіне еніп, бойындағы мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдылық секілді сезімдерді оятады. Ораза – нәпсімен күрес амалы. Бір ай бойы бойындағы құмарлықтарымен күресіп үйренген адам, бұл күрестің салиқалы өмірі мен ақырет бақыты үшін маңыздылығын түсініп, бірте-бірте нәпсісін толық билеуге ұмтылады. Сондай-ақ, Рамазан айында Алла Тағаланың құлдарына деген рақымы мен мейірімі басқа айларға қарағанда ерекше болатынына көз жетеді. Бұл кеңшіліктер құлдың Раббысына деген махаббатын арттырып, жасаған күнәлары үшін ұялуына, кешірім сұрап, тәубеге келуіне орасан септігін тигізеді.

материал «Оразаға қатысты 150 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: