22
Жұма,
Қараша

һижри

Ғайбат, өсек айту, біреуге тіл тигізу оразаны бұза ма?

Ғайбат, өсек айту, біреуге тіл тигізу оразаны бұза ма?

Ораза

Шариғатта біреудің сыртынан жамандап ғайбат айту, сөз тасу – үлкен күнә.

Алайда оразаның өзін бұзбайды. Хадисте: «Кімде-кім ораза ұстағанымен жаман әдеттерден тыйыомаса, оның оразасы бекер», - десе, басқа бір риуаятта: «Ораза – тозақтың қалқаны. Ғайбат айту арқылы бұзбайынша ораза оны қорғайды», - деген сияқты хадистердің мағынасын ғалымдар бір ауыздан оразаның өзін бұзады деп түсінбеген. Алайда оразаның сауабын кемітеді деп түсіндірген. Демек оразаның негізгі хикметтерінің бірі тек ішіп-жеуден ғана тыйылу емес. Сонымен қатар, ғайбат, өсек, өтірік айту сияқты түрлі күнәлардан да тыйылу екендігін естен шығармаған жөн.

материал «Оразаға қатысты 150 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: