22
Жұма,
Қараша

һижри

Оразаның қоғамдық өмірге пайдасы

Оразаның қоғамдық өмірге пайдасы

Ораза

Ораза бірлік пен татулықты күшейтеді

Ораза арқылы (әсіресе рамазан айында) адам қоғамдық өмірде өзгелермен тығыз байланыс орнатады. Бүкіл қоғамның таңертең бір сәтте ауыз бекітіп, кешке ауыз ашуы, жамағатпен тарауих намазын оқуы, қадір түнін қарсы алуы, айт намазына баруы бауырмашылдықтың артуына жол ашады. Хадисте: «Бір-бірлерін жақсы көруде, жан ашуда, мейіріммен қарауда мұсылмандар бір ағза секілді» делінгендей, мұсылмандар арасында бірлік рухы күшейеді.

Ораза кедейлердің жағдайын ұқтырады

Не ішем, не жеймін деп ойламайтын байлар рамазан айында бір ай бойы күндізгі уақыттарда ораза ұстау арқылы аштықтың не екенін өз көздерімен көріп, сезінеді. Осылайша аштықтың қандай қиын екенін көріп, тұрмысы нашар кедей жандарға көмектесудің қажет екенін түсінеді. Сондықтан мұсылман елдерінде рамазан айы ерекше берекеге толы, жомарттық айы ретінде айқын көрінеді. Дәулетті адамдар ауызашарлар беріп, қайыр-садақаны осы айда аямайды. Пітір садақасы мен зекеттің де рамазан айында берілуінің астарында осы сыр жатыр.

материал «Ораза – теңдессіз құлшылық» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: