22
Жұма,
Қараша

һижри

Ыстық күндердегі оразаның сауабы (ғибратты әңгіме)

Ыстық күндердегі оразаның сауабы (ғибратты әңгіме)

Ораза

Нөкерлерін еріткен Хажжаж Мекке мен Мәдина арасында жолаушылап кетіп бара жатып, бiр бұлақтың басында тынығуды жөн көрді.

Дастархан жайылғанда, Хажжаж: «Маңайға қараңдаршы,жағдайы нашар біреу-міреу кезіксе шақырыңдар, астан ауыз тисін» - дедi. Нөкерлер үстіне iлген ескі шапаны бар біреуді тауып, ұйықтап жаткан жерінен оятып ертіп келді.

Хажжаж оған:«Кел, бiрге тамақтанайық», - деді.
Ол «жемеймін» деп астан бас тартты. Хажжаж себебін сұрағанда: «Мені бұдан да артық дастархан күтіп тұр», - деп жауап берді.
- Ол қандай дастархан? - дегенде:
- Алла Тағалаға қонақ болуға шақырылдым, мен ауыз бекіткен жанмын, - деді.
Хажжаж:«Мынадай ми қайнаған уақытта қайтіп ауыз бекітіп жүрсің?» - деп таңырқағанда, ол:
- Иә, қияметтің ыстығынан қорғану үшін осы ыстыққа шыдап ораза ұстап жүрмін, - деп жауап берді. 

материал «Ораза – теңдессіз құлшылық» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: