04
Сенбі,
Мамыр

һижри

Ораза жетпіс жылға тозақ отынан алшақтатады

Ораза жетпіс жылға тозақ отынан алшақтатады

Ораза

Адамзаттың асылы (с.ғ.с) рамазан айының бірқатар қасиеттерін атай келе:

«Бұл айдың басы – рақым, ортасы – кешірім, ал соңы – тозақтан құтылу кезеңі. Кімде-кім осы айда құлына, қызметшісіне жеңілдік жасаса, Алла оның күнәсін кешіріп, тозақтан азат етеді» деген.

«Алла Елшісі (с.ғ.с) : Қандай да бір пенде Раббысының жолында бір күн ораза ұстаса, Хақ Тағала сол күннің құрметіне оның жүзін, жетпіс жылға тозақ отынан алыстатады (яғни, тозақтан жетпіс жыл тынбай жүріп өтетін қашықтыққа алыстатады) – деп айтты» – деген (Бухари, Муслим риуаят еткен).

Аллаға иман келтіре отырып, ауыз бекіткен құлына Рахман Иеміз рамазан айының алғашқы он күнінде рақымымен жеңілдік берсе, құлшылыққа бойы үйреніп, күнәлардан тыюға дағдыланған орта кезеңінде кешірімін, жақсылық пен ізгілік жасау жолында аламанға түскен пендесіне соңында тозақтан құтылуды нәсіп етеді.

материал «Рамазан – жаңғыру айы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: