22
Жұма,
Қараша

һижри

Әр айда үш күн ораза ұстаудың сауабы

Әр айда үш күн ораза ұстаудың сауабы

Ораза

Әр айда үш күн ораза ұстау ардақты Алла елшісінің жақсы әдеттерінің бірі.

Бұның қамари айлардың 13,14,15- күндерінде тұтылғаны абзал. Бұл күндер арабша «әййәмул-биид», яғни, жарық күндер немесе түндер деп аталады. Бұл ай ортасындағы толған ай мерзімі. Осы күндердегі оразаның сауабы бірге он есе берілетіні жайлы жоғарыда хадисте айтылған болатын. Яғни, үшті онға көбейтсек, бір ай бойы, ал әр айда үш күн болса бір жыл бойы, к.нде ораза ұстағанның сауабын алады екен.

Осыған қатысты Әбу Һұрайра (р.а): «Алла елшісі маған мына үш нәрсені кеңес берді: 1. Әр айда үш күн ораза ұстау; 2. Екі рәкәт духа намазын оқу; 3. Ұйықтамай тұрып үтір намазын өтеу», десе, Әбу Зәрдың (р.а.) риуаяты бойынша, Алла елшісі (с.ғ.с) былай дейді: «Әр айда үш күн ораза ұстағың келсе айдың 13, 14, 15-ші күндерінде ұста».

материал «Ораза – теңдессіз құлшылық» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: