04
Сенбі,
Мамыр

һижри

Үйге қонақ келеді деп ораза ұстамаса кәффарат қажет бола ма?

Үйге қонақ келеді деп ораза ұстамаса кәффарат қажет бола ма?

Ораза

Жоқ, каффарат қажет болмайды, сол күннің қазасын өтейді.

Каффарат бастап қойған парыз оразаны әдейі бұзған жағдайда міндеттеледі. Бірақ, қатаң түрде ескеру қажет жайт, қонақ күту парыз оразаны ұстамауға себеп емес. Рамазанда ауру-сырқау, қарттық және т.б үзірлі себептерсіз ораза ұстамау тәубені қажет ететін үлкен күнә. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім ешбір себепсіз рамазан айының бір күнінде ораза ұстамаса, өмір бақи ораза тұтса да сол күнгі оразаны толық өтеген болып есептелмейді», – деген. Яғни, Рамазан айындағы бір күндік оразаның сауабын басқа ешбір күнге теңестіруге келмейтіндігін ескерткен. Ислам қонақ шақыруды, шақырған жерге баруды насихаттайтын дін екені мәлім. Десе де бұл нәпіл емес, жылына бір рет келетін парыз ораза болғандықтан қонақтарды ауызашар дастарқанына шақырғаны жөн.

материал «Оразаға қатысты 200 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: