22
Жұма,
Қараша

һижри

Шәууал айындағы оразаға қатысты кейбір мәселелер

Шәууал айындағы оразаға қатысты кейбір мәселелер

Ораза

1.Шәууәл айының оразасы нәпіл ораза болып табылады.

Яғни, мұны ұстау – ешкімге міндет емес, мұсылманның өз еркінде. Дегенмен, мұны ұстамаған жан жоғарыда келтірген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисіндегі бір жылдық оразаның сауабынан құр қалады.

2.Шәууәл айының нәпіл оразасы тек Шәууал айында ғана ұсталады. Әрі оны айт күнінің екінші күнінен бастап ұстаса болады.

3.Шәууәл айының нәпіл оразасын арасын үзбей қатарынан, сонымен қатар арасын үзіп бөлек-бөлек күндерде де ұстауға болады.

4.Рамазан айында түрлі себептермен кей күндерін қаза етіп алған кісілер Шәууәл айында әуелі Рамазанның қазасын өтеп, кейін Шәууәлдің алты күндік нәпілін ұстаса болады.

5.Рамазан оразасын ұстамаған адамдарға да Шәууал оразасын ұстауына болады. Алайда, олар Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сүйіншілеген бір жылдық оразаның сауабын ала алмайды. Себебі, Рамазан оразасы – парыз. Оны ұстамау – үлкен күнә. 

ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімі

Бөлісу: