22
Жұма,
Қараша

һижри

Неліктен арнайы күндері әйелдерге ораза ұстауға болмайды?

Неліктен арнайы күндері әйелдерге ораза ұстауға болмайды?

Ораза

Мұндай жағдайда әйел баласы ораза ұстауына қатаң түрде тыйым салынған.

Ол, бір шетінен, ауыр күнә, екінші жағынан, ондай ораза есепке алынбайды. Айша анамыз (Алла оған разы болсын) былай деген:  «Біз етеккір көрген кезімізде Расулуллаһ (солләллаһу ғаләйһи уә салләм) бізге оразасын қазасын өтеуді бұйырып, намаздың қазасын өтеуді талап етпейтін». (Бухари, Муслим)

Осы хадис негізінде әйел кісі хайыз-нифас уақытында ораза ұстамайды, намаз оқымайды әрі етеккірден тазарғаннан соң тек оразаның қазасын өтейді. Намаздың қазасы шарт емес. Мұның мәнісі: етеккір күндері көбейген сайын, қаза намаздың да саны көбееді. Ал, нифас кезінде бұл мөлшер үстемелене түседі. Дегенмен, шариғат әйелге осы күндерге тиесілі намаздың қазасын өтеуді міндеттемейді. Міне, осыны Хақ Тағаланың әйелзатқа болған мейірімі ретінде қабылдаған жөн!  

материал «Рамазан оразасы – сұрақ және жауап» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: