08
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Оразасының қарызы көп болған әйел оны қалай өтейді?

Оразасының қарызы көп болған әйел оны қалай өтейді?

Ораза

Бала емізу, жүктілік, сырқаттану сияқты белгілі бір себептермен бірнеше жыл рамазан оразасын ұстай алмаған және соған байланысты қазасы жиналып қалған адамдар біріншіден, ораза қарызының жалпы қанша күн екенін есептеуі қажет. Содан кейін сол қарыздарын ораза ұстауға тыйым салған уақыттардан тыс күндерде өтеуге тырысуы керек.

Әйел қаза оразаларын қалай санайды? Ол үшін мына жағдайларға мән беруі керек:

1.Әйел егер балиғатқа толғалы бері ораза ұстамаған болса, жылдарын санайды. Әр жылға шамамен отыз күндік ораза деп есептейді.

2.Әйел балиғатқа толғаннан кейін ораза ұстаған, бірақ белгілі бір себептерге байланысты кей жылдары ғана оразасын өтей алмаған болуы мүмкін. Онда тек сол жылдарының ғана ораза күндерін есептейді.

3.Әйел жылда оразасын ұстаған, бірақ хайыз күндерінің қазасы өтелмеген болуы мүмкін. Егер есіне түсіре алса, хайыз күндерінің нақты санын есептейді. Есіне түсіре алмаған жағдайда қалыптасқан хайыз күндерін негізге алады.

материал «Рамазан айы және әйелдерге тән мәселелер» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: