21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Ауызашар кезде дұға жасамай ауыз ашуға бола ма?

Ауызашар кезде дұға жасамай ауыз ашуға бола ма?

Ораза

Оразаның шариғаттағы мағынасы – екінші шапақтан бастап, яғни таң намазының уақыты кіргеннен бастап күннің батуына дейін Алла Тағаланың разылығы үшін тамақ ішіп-жеуден, жыныстық қатынастан, жаман әдеттерден ұзақ тұру дегенді білдіреді.

Күннің батуы дегеніміз ақшам намазының уақытының кіруі. Яғни ораза ұстаушы ақшам намазының уақыты кіре салысымен бірден аузын аша беруіне болады. Бірақ, ауыз ашарда дұға жасау сүннет болып табылады. Себебі, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл жайлы: «Ауыз ашар кезінде жасалған дұға кері қайтарылмайды», (Ибн Мажә, Сүнен) – деген. Яғни ораза ұстаған кісі ауыз ашар сәтінде дұға жасаса, бұл қабыл болатын дұға болып саналады. Сол себепті мұсылман сондай сәттерден қапы қалмай, ауыз ашар сәтінде дұға жасағаны абзал.

Сондай-ақ, ауыз ашарда: «Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә аләйкә тәуәккәлту уә ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мәә аххарту» дұғасын оқу сүннет болып саналады. Мағынасы: «Алла Тағалам! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым. Берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір» дегенді білдіреді. Бұның тысында да өзіңіздің қалауларыңызды дұға арқылы жеткізуіңізге болады.

материал «Ораза – теңдессіз құлшылық» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: