16
Сәрсенбі,
Қазан

һижри

Күмәнді күнгі оразаның үкімі

Күмәнді күнгі оразаның үкімі

Ораза

1. Бұл күнді рамазанға санап, ораза ұстау – мәкрүһ тахриман.

Әбу Исхақ – Сила ибн Зуфардан: («Біз Аммардың (Алла оған разы болсын) үйінде болдық. Алдымызға қуырылған қой еті әпкелініп, ол бізге: «Астан алыңдар!», – деді. Арамызда болған бір кісі кері шегініп: «Мен ораза едім», – деді. Сонда `Аммар: «Күмәнді күні ораза ұстаған кісі Әбу Қасымды тыңдамаған болады», – деген.

2. Бұл күні кім: «Рамазан болса, парызды ұстаған боламын, шағбан болса, нәпіл ұстаған боламын», – деген екі ұшты ниетпен ұстаса, үкімі – мәкрүһ танзиһан. Алайда мұндай ниетпен ұсталған ораза, рамазан кіріп қойған болса, мәкрүһ бола тұра, рамазан оразасына саналады. Ал кім бұл күні тек қана нәпілге ниет етсе, оразасы еш мәкрүһ емес. Имраан ибн Хусойн (Алла оған разы болсын): Пайғамбар бір кісіден: «Бұл айдың (шағбанның) өліарасында ораза ұстаған күнің бар ма?», – деп сұрады. Ол: «Жоқ», – деп жауап берді. Алла елшісі : «Олай болса, мұның орнына рамазан оразасынан шыққан соң бір не екі күн ораза ұста», – деді деген. Күмәнді күні ұсталған ораза рамазаннан екені анықталып жатса, кейбір ғалымдардың көзқарасында абзал ораза саналады. Ал басқа ғалымдардың көзқарасында ол күні ораза ұстамаған жөн. Олар Алла елшісінің: «Рамазанның алдында әдейілеп бір күн, екі күн ораза ұстамаңдар. Тек шағбан оразасын ұстап жүрген кісіге ғана ұстай берсін», – деген хадисін дәлел етеді.

Түйін: Кім күмәнді күні ораза ұстап, оразасы Рамазанға тура келсе, ол күні ораза ұстағанын ешкімге хабарламағаны абзал. Өйткені бұл хабардың нәтижесінде, біріншіден, оның кеудесінде «Менің оразам абзал болды» деген ниеттің пайда болуы, екіншіден, адамдардың санасында Аммардың хадисіне сай Пайғамбарды (с.ғ.с) тыңдамаушы саналуы мүмкін.

материал «Фиһқ ораза» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: