04
Сенбі,
Мамыр

һижри

Хайыз, нифас халіндегі әйел Рамазанда қандай құлшылық жасай алады?

Хайыз, нифас халіндегі әйел Рамазанда қандай құлшылық жасай алады?

Ораза

Рамазан айында хайыз немесе нифас халіндегі әйелдерге рұқсат етілген әрі сауап алуға мол мүмкіндік беретін кейбір құлшылық түрлерін ұсынамыз.

1. Кұран тыңдау. «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді.» [Бақара сүресі, 185] Әйел адам бiраз уақытын Кұран тыңдауға арнап, оның аяттарының астарындағы терең мағынаға көңiл бөлiп, үңiлу керек. Кұранда сыртқы жаза туралы айтылғанда қайғырып, Алла Тағала оны қайнаған тозақ отынан сақтайтынына үмiт ету керек. Жұмақтың кереметтерi туралы естiгенде, қуаныш пен шаттық сезiнiп, Алла Тағала сол құрметке қауышатын жандардың арасынан болуды қалау керек. Егер ол өздiгiнен жылай алмаса, өзiн күштеп жылап, жан-тәнiмен тура жолдағылардың, ақиқатқа ергендердiң қатарынан болудың ләззатын сезiну керек. Ханафи мазхабында мусхафтың (Құран) iшiн, беттерiнiң шет жағын, қаптамасын (мусхафпен бiрге тiгiлген болса) қолмен ұстауға болмайды. Сондай-ақ, Құран оқуға, яғни дауыс шығара отырып, ерiнмен қозғалтуға да болмайды. [Ибн Абидин, Радд әл-Мұхтар] Хайыз (етекiр) не нифас кезiнде Құран тәпсiрiн немесе аудармасын ұстау – күнәлi iс. Арабша қарiптi немесе аударманы көзбен жүгiртiп оқуға болады, мысалы, компьютер мониторында немесе басқа құрылғыларда. [Ибн Абидин, Мәнхал әлУәридин] Сондай-ақ, ол Кұранды жүрегiмен оқи алады.

2. Алланы көп еске алу. «Алланы көп зікір етуші ерлер мен әйелдер үшін Алла Тағала жарылқау және ұлы сыйлық (яғни, жәннатты) әзірледі» [Ахзаб сүресі 35 аят] Ол әр сәтiн әлемдердiң Раббысын мадақтаумен өткiзу керек. Оның көптеп жасаған зiкiрi оның Алламен байланысын күшейтiп, оны әр айтылған сөзбенен Раббысына жақындата түседi. [«Мұсылман қорғаны» кiтапшасынан көптеген пайдалы зiкiрлер табуға болады] Егер де дұға, тәубе, мадақ ретiнде келетiн Кұран аяттары болса, оны тек сол мақсатта, яғни дұға, тәубе, мадақтау ниетiмен ғана оқуға болады. [Шурунбулали, Марақил-Фәләх; Тахтауи, Хашият ат-Тахтауи]

Мысалы, Ықылас, Фалақ, Нас, Фатиха сүрелерi мен Аят әл-Күрсийдi Кұран оқу ниетiмен емес, дұға ниетiмен оқуға болады. Жалпы, ханафи мазхабында хайыз болған әйелге намаз уақыты келгенде, дәрет алып, әдетте намаз оқитын орнына отырып, күнделiктi намазына кететiн уақыт iшiнде Алланы еске алуы абзал, осы арқылы әйел адам намаз оқу әдетiнен арылып, жалқауланып қалмайды. [Ибн Абидин, Мәнхәл әл-Уәридин]

3. Ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың сәлемi мен игiлiгi болсын) көп салауат айту. Алла Тағала Құранда айтады: «Расында Алла, Пайғамбарға рахмет етеді. Және періштелер салауат айтады. Әй Мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер.» [Ахзаб сүресі, 56] Салауат айту – Пайғамбарымызға (оған Алланың сәлемi мен игiлiгi болсын) деген махаббатты арттыратын сауабы аса мол амал. Пайғамбарымызға (оған Алланың сәлемi мен игiлiгi болсын) махаббатты күшейту үшiн оның өмiрбаянын оқып, одан ғибрат алу керек. Адамзатқа мейiрiмдiлiк пен тақуалықтың осындай керемет мысалын жiбергенi үшiн Алла Тағалаға шүкiршiлiк ету керек. Қиямет күнi сүйiктi Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемi мен игiлiгi болсын) жанынан тiрiлудi және оның мубарак алақанынан су iшудi аңсау керек. Оның (оған Алланың сәлемi мен игiлiгi болсын) артынан еруге ниет етiп, оның көркем мiнезiне ұмтылу керек.

4. Қайырымдылықта жомарт болу. Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемi мен игiлiгi болсын) айтты: «Ең қайырлы садақа - Рамазан айында берiлген садақа.» [Тирмизи] Хайыз не нифас кезіндегі әйел өз қалтасынан не тапса, соны ұялмастан садақаға беру керек. Мiскiндерге, жағдайы төмендерге қол ұшын созуға ұмтылып, басқаларға көмектесе алатындай қаржы мен жағдай нәсіп еткен Аллаға шүкiр ету керек. Ол берiлген садақасы үшiн оны мақтағанды қаламай, тек Аллаға мойынсұнғаны үшiн ғана байлығын садақа етедi.

5. Отбасы мүшелерiне, жұбайларына мейiрiмдi болу. Салман әл-Фараси атты сахаба Алланың Елшiсi (оған Алланың сәлемi мен игiлiгi болсын) Шағбан айының соңғы күнi Рамазанға қатысты былай дегенiн жеткiздi: «Бұл – сабырлық айы, және сабырлықтың сыйы – Жұмақ.» [Сахих ибн Хузайма; Суюти, әл-Жәми әл-Кәбир; Байхақи, Шу абул-Иман] Арасы суып ажыраған барлық байланыстарды қайта қалпына келтiру керек. Сүйiктiлерiн сабырлық, мейiрiмдiлiк, қамқорлық, махаббат сөздерiмен қуанту керек. Ол өзiнiң етеккiрiн басқа адамдарды ұрсып-ренжiтуге «кешiрiм» қылып алмау керек. Оны ренжiткен адамдарды кешiру керек. Ал, өзi басқаларды ренжiткен болса, Алладан кешiрiм сұрау керек. Сонымен қатар, тақуалығын арттыруға сеп болатын салихалы адамдардың ортасында жиі болуы керек.

6. Yммет үшiн дұға ету. Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемi мен игiлiгi болсын) Рамазан айы жайында былай дедi: «Расында, Алла әр күнi және әр түнi адамдарды [тозақ отынан] босатады және солардың iшiндегi әр мұсылман үшiн жауап берiлетiн дұға бар.» [Ахмад] Аллаһумма аслих уммат Мухаммад. Аллаһумма фарридж ан уммат Мухаммад. Аллаһумма Ирхам Уммат Мухаммад. «Иә Алла, Мұхаммедтiң үмметiн жақсарт. Иә Алла, Мұхаммедтiң үмметiн босат. Иә Алла, Мұхаммедтiң үмметiне рахымыңды төк!» [әл- Асбахани, Рияда әлАбдан]

7. Көп тәубе ету. Салман әл-Фараси атты сахаба Алла Елшiсi (оған Алланың сәлемi мен игiлiгi болсын) Шағбан айының соңғы күнi Рамазанға қатысты былай дегенiн жеткiздi: «...Бұл, алғашқы басы – мейiрiм, ортасы – кешiрiм, ал соңы Оттан сақтау болған ай.» [Сахих ибн Хузайма; Суюти, әл-Жәми әл-Кәбир; Байхақи, Шу абул-Иман] Хайыз не нифас хәліндегі әйел Алладан өзiн кешiрудi, күнәларын жасыруды және Тозақ отынан сақтауды тiлеу керек. Ол Алланың кешiрiмдiлiгiнде үмiт етiп, Алланың рахымдылығында толықтай мұқтаж екенiн сезiну керек. Хайыз бола тұра, ол түннiң ортасында оянып, Алла Тағала кешiруге уәде берген уақытта тәубе ету керек.

8. Оразаларды тамақтандыру. Жоғарыдағы насихатында Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемi мен игiлiгi болсын) тағы да былай дедi: «... Кiм де кiм [Рамазан айында] ораза тұтқан адамды тамақтандырса, оның күналары кешiрiлiп, мойны Оттан босатылады...» [Сахих ибн Хузайма; Саюти, әл-Жәми әлКәбир; Байхақи, Шуабул-Иман] Хайыз не нифас хәліндегі әйелдер өз жақындарын, достарын немесе қоғам мүшелерiн ауызашарға шақыру керек. Ауызашар барысында, өз қонақтарын ең көркем түрде күтiп алуға, бiрақ ысыраптан аулақ болуға тырысу қажет. Тағы бір ескеретін нәрсе, адамдарды ауызашарға шақырудағы мақсаты өзiнiң тамақ пiсiрудегi шеберлiгiне не қонақжайлығына мақтау есту емес, құлшылық деп түсiну керек.

9. Аллаға жақсы жағыңды көрсету. Алла Елшiсi (оған Алланың сәлемi мен игiлiгi болсын) былай дедi: «Сiздерге берекет айы Рамазан келiп жеттi. Осы айда Алла сендерге берекетiн жаудырады, Рахымын түсiредi, күнәларды азайтып, дұғаларға жауап бередi. Бұл айда Алла Тағала сендердiң жақсы амал жасауда жарысқандарыңа қарайды және сендердi айтып перiштелерiне мақтанады. Сондықтан, Аллаға жақсы жақтарыңды көрсетiңдер, ал [бұл айда] Алланың мейiрiмiнен құр қалғандар – нағыз бақытсыздар.» [Табарани] Ол өзiнiң бос уақытында басқаларға көмектесу керек. Осы ұлы айдың пайдасын алуда басқаларға жәрдемдесу керек. Отбасын түнгi намаздарға тұрғызып, қосымша ғибадатқа тарту керек. Уақытын жергiлiктi қайырымдылық қорларына, Ислам орталықтарына көмектесуге арнау керек. Балалы ана тарауих намазын орындай алу үшiн, оның баласын бағып қалу керек. Мұсылмандарға жақсы амалды көркем түрде жасауда барынша қол ұшын созу керек. Дене мүшелерiн жаман жерге барып, жаман нәрсе естуден сақтау керек. Көзiн, құлағын және жанын өзiне ахиретте пайдалы болатын амалдарға арнау керек. Беделдi ғалым, ұстаздардың дәрiс, вебинарларына қатысып, өзiн берiк дiндi адамдармен қоршау керек. Пайдалы iлiм iздеп, оған амал ете бiлу керек. Ол Исламды терең түсiнуде белсендiлiк танытып, асыл дiнiмiздiң хикметтерi оның жүрегiн елжiреткен сайын өз сенiмiн нығайта беру керек.

10. Кез-келген жақсы амалды орындау. Әбу Һурайра (Алла одан разы болсын) Алланың Елшiсi (оған Алланың сәлемi мен игiлiгi болсын) былай дегенiн жеткiздi: «Рамазан айы кiргенде, Жұмақ есiктерi ашылып, Тозақ есiктерi жабылады және шайтандар кiсенделедi.» [Бухари, Мүслим] Жақсы амалдар жасайтын ең керемет уақыт келiп жеттi. Шайтандар кiсендеулi және өзiңдi әлемдердiң Раббысына толықтай құлшылыққа арнауда саған ешкiм кедергi бола алмайды.

материал «Ораза энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: