10
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Рамазан оразасының міндеті: Садақа беруді көбейту

Рамазан оразасының міндеті: Садақа беруді көбейту

Ораза

Имам Тирмизи Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мынадай хадисін риуаят етеді:

«Ең абзал саналған садақа – Рамазан айында берілгені». «Рамазан – қайырымдылық айы және мүміннің ризығы одан сайын арта түсетін ай», – деген хадис те бар. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Рамазан айында ең жомарт жандардан еді. Кез келген затты адамдардың сұрауынсыз беретін. Рамазан айы – Алла құзырынан берілген кешірім мен мейірімділік, жомарттық пен сый-сияпатқа толы мерекелі ай. Басқа адамдарға қайырымды болған адамға Алла өзінің мейіріміне бөлейді. Кедейлерге мейірім шуағын төккен пенделерді Алла дәргейіне алады. Кімде-кім осы айда адамдарға жомарттық жасаса, Рабысының құзырында шексіз сый-сияпатқа ие болады.

материал «Ораза» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: