21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Рамазанның 13 күні, сен қай деңгейдесің?

Рамазанның 13 күні, сен қай деңгейдесің?

Ораза

Біз міне Рамазан айының ортасына да жеттік. Енді рухани байлығымызға, денсаулығымызға және қоғам үшін пайдалы жұмыстарымызға баға беретін кез келді.

Осы уақытта адамдар әдетте үш түрлі категорияға бөлінеді:

1-категория: Бұл категорияда Рамазан айын жақсы бастап жақсы жалғастырып жатқандар. Олар осы айды жақсы бастап, осы айды сауапты өткізу үшін бәрін істеп жатқан адамдар.

2-категория: Бұл категорияда Рамазан айын жақсы бастап, бірақ кейін жақсы амалдарын ақырындап азайтатын адамдар. Олар бұл айды ерекше жақсы бастайды, бірақ уақыт өте өздеріне енжар қараушылар. Олардың күнделікті әрекеттері көңіл қуантарлықтай болмайды.

3-категория: Бұл жерде Рамазан айын жақсы бастай алмай, ары қарай ораза ұстай алатындарына күмән келтіретін адамдар.

Бірінші категориядағы адамдардың төзімділігін Алла Тағала қуаттасын! Оларға жақсы жұмыс нәсіп етіп, дұрыс жолдан тайдырмасын! Хадисте айтылғандай Алла Тағала тұрақты жасалатын игі амалдарды жақсы көреді.

Екінші категориядағы адамдар да әлі үрейленбесе болады. Оның орнына келесі он күнді барынша нәтижелі өткізуге өздерін бағыттап, қандай нәрселерді өзгерту керектігіне баға берген дұрыс. Үмітті үзбеген жөн. Осы айдың ең жақсы бөлігі Алла Тағала қаласа енді болады.

Үшінші категориядағы адамдарға қазірден жақсы амалдарға бет бұру керек. Қазір тұра сала дәрет алып, екі рәкағат намаз оқып, Алла Тағаладан көмек сұрап, Рамазан айын барынша сауапты өткізуге дұға ету керек. Егер олар осылай жалғастыра берсе, Рамазан айы өтіп кеткенде үлкен өкінішке тап болады. Бірақ ол кезде тым кеш болады және осындай жағдайда олар өздерінен басқа ешкімді де кінәлай алмайды.

материал «Кіршіксіз Рамазан үшін» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: