03
Жұма,
Мамыр

һижри

Рамазанның 16 күні: Жетістік тек Алладан келеді

Рамазанның 16 күні: Жетістік тек Алладан келеді

Ораза

Дәл осы күні, 14 ғасыр бұрын ұлы Бадр шайқасы болған еді. Мұхаммед Пайғамбарға (с.ғ.с) және оның сахабаларына жеңіс алып келген бұл шайқас жайындағы хикаяны бәріміз жақсы білеміз.

Біз бұл оқиғадан қандай сабақ ала аламыз және бұл оқиғаның біздің еңбек өнімділігімізге қатысы қанша? Шайқас мұсылмандардың жеңісімен аяқталғаннан кейін Алла Тағала келесі аятты түсірді: «Ал, Бәдрде (әскер жағынан) күштерің аз болса да (шын ықыласпен тәуекел еткен себепті) Алла сендерге жәрдем берді (Сөйтіп, сендер жеңіске жеттіңдер)! Сондықтан Алладан қорқыңдар (тақуа болыңдар) сонда шүкір еткендерден боларсыңдар» (Әлі Имран сүресі, 123 аят). Бұл дегеніміз кез келген сәттілік және кез келген жеңіс Алладан екендігін және Алла жалғыз екендігін ескерту. Мұсылмандар өздерінің жеңістерінің негізі қайда жатқандығын ұмытпауы қажет. Кей кезде жоғары өнімділікке және үлкен жетістікке жеткен кезде, сол сәттіліктердің бәрі менің қабілетім мен білімімнің арқасында деп ойлауы мүмкін, алайда мұсылман әсте бұлай ойламайды.

Әлемнің әр бұрышында езгіге ұшыраған бауырларымызға осы күні дұға етейік. Олар үшін Рамазан айы өте қиын өтуде. Біз олар үшін ең азы дұға ете аламыз. Пайғамбарымызға (с.ғ.с) Бәдр шайқасына жеңіс берген, Күш пен Құдірет иесі Алладан езгіге ұшыраған бауырларымызға жеңіс беруін тілейміз.

материал «Кіршіксіз Рамазан үшін» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: