21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Рамазанның соңғы он күндігінің артықшылығы

Рамазанның соңғы он күндігінің артықшылығы

Ораза

Рамазан айының соңғы он күнінің артықшылығы – бұл күндердің түндерін Алла елшісі (с.а.у.) Аллаға мінәжат етіп, құлшылықпен өткізетін.

Және бұл он күндікте мың айдан хайырлы саналатын қасиетті түн - «Қадір түні» бар.

Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед ғалейһиссәләм қасиетті айдың осы соңғы он күндігіне аса ыждыхаттылық танытатын болған. Оның (саллалаһу алейһи уә сәлләм) Рамазан айының барлық күнінде құлшылыққа маңыз бергендігі сөзсіз. Бірақ Рамазанның соңғы он күндігінде ғибадатқа көбірек ден қоятын. Өзімен қоймай жанұясын да түндері ғибадатпен өткізуге жетелейтін. Бұған байланысты Айша анамазы (радияллаһу анһа) былай деген: «Қашан Рамазанның (соңғы) он күндігі кірсе, Пайғамбар (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) «изарын» бекем буатын (изар – белден төмен орайтын орағыш). Түнін (ұйықтамай) құлшылықпен өткізетін. Және жанұясын да тұрғызатын» (Имам Бұхари: «Сахих Бұхари». №2024 хадис).

Хадистегі «изарын бекем буатын» деген сөздің мәні – Рамазанның соңғы он күнінің түндерін әйелдерінің жанында жатумен өткізбей, өзін ғибадатқа арнайтын дегенді білдіреді. Сондай-ақ, әйелдерін де түнде намазға оятып, олардың да құлшылыққа белсене кірісулерін ұғындыратын.

Ендеше, әрбір мүмін-мұсылман мүмкіндігінше осы қасиетті айдың соңғы он күндігін Аллаға мінәжат етуге арнап, қолдан келгенше нәпсісін жаман әдеттерден арылтып, жүрегін дұрыстыққа баулығаны жөн. Және қайырымды істерге, сауапты істерге ат салысқаны абзал.

материал «Ораза энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: