Жыл сайын осы уақытта жүрегімізді бір көңілсіздік бұлты торлайды.
«Аллаға деген шын ықыласымды оразадан кейін де сақтай аламын ба?» деген сұрақ басымыздан шықпай қояды. Көп жағдайда, іс жүзіндегі тәжірибе көрсеткендей, ораза біткеннен кейін көбіміз бұрынғы таз қалпымызға қайта ораламыз. Олай болса, уақытымызды тиімді өткізу әдеті Рамазанмен шектелмеу үшін не істеуге болады?
Рамазаннан кейінгі «құлдырауымыздың» ең маңызды себептердің біреуі – тәртіп сақтай алмағандығымызда. «Айт келді! Жаның не қаласа, соны жаса!» деген ой келеді. (Ауызымызбен айтпасақ та жасаған әрекеттерімізден белгілі). «Құлдырауға» төтеп беру үшін тәртіп бойынша өмір сүру қағидасын ораза айттың алғашқы күнінен бастап-ақ ұстан!
Айттың алғашқы күнінен бастап, ерте тұрып таңғы алтын уақытты пайдалы іспен өткіз. Кітап оқы, үй шаруасын жаса немесе балаларыңды ертіп сыртқа, саябаққа шығып, пикник жаса. Қарапайым ғана ерте тұруды әдетке айналдырсаң (ең болмаса таң намазына), күніңнің қалған бөлігі де өте пайдалы өтеді. Бұл сенің Рамазаннан кейінгі өмірді де тиімді өткізуіңе өз септігін тигізеді.
материал «Кіршіксіз Рамазан үшін» кітабынан алынды,
ummet.kz