01
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Мүбәрак 30 күн: Ертең науқас адамды немесе туысыңызды зиярат етіңіз

Мүбәрак 30 күн: Ертең науқас адамды немесе туысыңызды зиярат етіңіз

Ораза

Әбу Һурайра жеткізген хадисте:

Алла елшісі «Алла Тағала: «Құлым Мен туралы қандай ойда болса, Мен де оған солай қараймын. Сондай-ақ, құлым Мені есіне алып, Маған мадақ айтып ұлықтаса, Мен онымен бірге боламын. Егер ол Мені іштей есіне алып, мадақ айтса, Мен де оны солай есіме аламын. Ал егер Мені көпшіліктің ортасында есіне алып, мадақ айтып ұлықтаса, Мен оны одан да қайырлы көпшіліктің алдында есіме алып, мақтан тұтамын», – деп айтты», – деген. (Бұхари, Муслим)

Бұл хадис – Алладан ешқашан үміт үзбеуге шақырады. Кімде-кім амал жасап, бірақ, Алла оны қабыл етпейді деп ойласа, онда ол Алланың мейірімінен үміт үзген болады. Алланың мейірімінен үміт үзу – үлкен күнә.

Науқастарды зиярат ету. Науқас адамды зиярат ету арқылы сүннетті орындап, сол адамға қолдау көрсетуге болады. Оған бару мүмкін болмаса да, денсаулығы жайлы, нақты немен ауыратыны жайлы сұрастырып, өз көмегін ұсынуы керек.

Имам аш-Шурунбулали: «Оразаның шарттарына жүніптен таза болу кірмейді». Өйткені, адам жүніптен тазара алады (ал әйел адам тек ғұсыл алып хайздан тазара алмайды, оған белгілі уақыт күту қажет). Және де адам таң кіруімен еріксіз жүніп болып қалуы да мүмкін. (Қр. «Миннә әл-фәттах», 3/208)

Ертең науқас адамды немесе туысыңызды зиярат етіңіз.

материал «Мүбәрак 30 күн» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: