21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Мүбәрак 30 күн: Таң намазына дейін кемінде 70 рет истиғфар жасаңыз

Мүбәрак 30 күн: Таң намазына дейін кемінде 70 рет истиғфар жасаңыз

Ораза

«Тақуа жандар: «Уа, Раббымыз! Біз иман келтірдік, күнәларымызды кешіре гөр һәм бізді тозақ азабынан сақтағайсың! » – деп жалбарынады. Олар – сондай сабырлы, иманда шынайы, Аллаға қалтқысыз мойынсұнатын, мал-дүниелерін игі жолда жұмсайтын һәм (түннің біраз бөлігін құлшылықпен өткізгеннен кейін) сәресі уақытында Алладан кешірім тілейтін ізгі жандар». («Әли Имран» сүресі, 16-17-аят)

Тәпсір

Имам Әбу Суғуд: «Сәресі уақыты дұғалар қабыл болатын кез. Себебі, бұл уақытта құлшылық қылу оңай емес, жан мен ой түрлі ойлардан таза, Аллаға деген қорқыныш мықты болады». (Имам Әбу Суғуд, «Иршад әл-ақл әс-салим»)

Жәбир: «Алла елшісінің (с.ғ.с): «Расында, түннің бір уағы бар, қандай да бір мұсылман сол уақытқа тура келіп Алла Тағаладан дүниеге және жинағы ақыретке қатысты жақсылық сұраса, сұрағанын міндетті түрде береді. Бұл әр түнде де солай болады», – деп айтқанын естідім» – деген (Муслим)

Шарх

Бұл түннің уағында Раббымыз: «Кім менен дұға тілейді, қабыл етейін. Кім менен сұрайды, сұрағанын берейін», - дейді. Бұл – түннің соңғы үштен бір бөлігі, яғни, сәресі уақыты.

СҮННЕТ

Әнәс ибн Мәлик айтады: «Бізге Алла елшісі (с.ғ.с) сәресі уақытында 70 рет истиғфар жасауды бұйырған».

ФИҚҺ

Нәпіл оразаны бастап, кейін оны бұзған адам оның қазасын өтеуі міндетті. (Нур әл-Идох)

ТАПСЫРМА

Сәресін тезірек ішіп, таң намазына дейін кем дегенде 70 рет истиғфар жасаңыз. Тәһәджуд намазын оқуды да ұмытпаңыз.

материал «Мүбәрак 30 күн» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: