21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Дәрет алғанда ауыздағы қалдықты жұтса, ораза бұзыла ма?

Дәрет алғанда ауыздағы қалдықты жұтса, ораза бұзыла ма?

Ораза

Дәрет алғанда ауыз шайған кезде, негізгі суды шығарып түкіріп тастағаннан соң, ауыз қуысында қалған ылғал «сілекей» үкімінде болатындықтан, жұтылған жағдайда оразаға зияны жоқ.

Бұл – ауыз шайғанда алынатын судың негізгі бөлігін шығарып, түкіріп тастағаннан кейін ауыз қуысында қалатын ылғалға қатысты. Ал ауызды шаю үшін су алған кезде абайсызда жұтылып кетсе, ол оразаны бұзады, Рамазаннан кейін бір күн қазасын өтеу тиіс, абайсызда орын алған жағдай болғандықтан кәффарат керек емес, 

Терлеп, бір-екі тамшы тері жұтылса, оның оразаға зияны жоқ. Ал, ауыз қуысында тердің ашты дәмін сезетіндей көп мөлшерде жұтылса, ораза бұзылады1.

1  Бұрһануддин ибн Мәзә әл-Бұхари: «әл-Мұхит әл-Бүрһәни».

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: