11
Сәрсенбі,
Ақпан

һижри

Оразаның ай күнтізбесі бойынша болуының хикметі

Оразаның ай күнтізбесі бойынша болуының хикметі

Ораза

Алла Тағаланың оразаны парыз етуінің, оразаның бір ай ұсталуының және уақытының ай күнтізбесі бойынша белгіленуінің көптеген хикметтері бар.

«Рахман» сүресінде Алла  Тағала былай деген: «Көкті көтерді және Таразыны орнатты. Таразыдан ауытқып, шектен шықпауларың үшін. Таразыны әділ тартыңдар. Таразыдан жемеңдер, өлшем мен тепе-теңдікті бұзбаңдар» («Рахман» сүресі, 7-9).

Бұл аяттарда Алла Тағала «таразы» сөзін төрт рет қайталау арқылы әлемдегі өлшем мен тепе-теңдікке назарымызды аударуда. Әлем сондай керемет үйлесімділікпен әрекет етуде: еш үзіліссіз толып-босап жатқан, әртүрлі нығметтер кіріп-шығып жатқан сарай секілді болса да, ешқашан тәртібі бұзылмайды. Қызыл түйіршіктер мен ақ түйіршіктердің деңгейі еш өзгермеген. Мұның бәрі бізге Алланың әділ екендігін және әлемді тәртіппен басқарып  тұрғандығын көрсетеді.

Алла бұл тепе-теңдікті бізге парыз еткен оразада да көрсеткен. Рамазан айы ай күнтізбесі бойынша белгіленеді, сондықтан ораза жыл сайын 10 күн алға жылжып отырады. Сол арқылы Алла әрі уақытты әділ бөлген, әрі әртүрлі мекендегі адамдардың барлығына әділеттік жасаған. Егер бұлай болй яһудилер мен христиандардың өзгертіп алғаны секілді күн күнтізбесіне орайластырылса, жылдың тұрақты бір мезгілінде, күндізі қысқа болған бір маусымда болса, мысалы, тек қыс уақытында ұсталатын болса, әділ болмаған болар еді. Себебі, Меккеде қыс мезгілі орта деңгейде өтеді, бірақ полюстерге жақын мемлекеттерде олай емес. Олар жаздың келуін асыға күтетін болса, экватор жақта жаз, қыс және жаңбыр маусымы болады.

Осыларға қарағанда, бір айлық үшін жеңіл болған ораза басқа жерде көтере алмас жүк болмақ. Жер шарының жартысы күн қысқа уақытта ораза ұстаса, екінші жартысында олай болмайды. Сондықтан бұлай міндеттеу Алланың әділдігіне теріс болмақ.

материал «Ораза» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: