19
Бейсенбі,
Ақпан

һижри

Рамазан айында үмбетке берілетін бес түрлі қасиет

Рамазан айында үмбетке берілетін бес түрлі қасиет

Ораза

Имам Ахмадтың Әбу Һурайрадан (р.а) жеткізген риуаятында Алла Елшісі (с.ғ.с) ораза тұтушының ерекше қасиеттері жайында былай дейді:

 «Менің үмбетіме Рамазан айында бұдан бұрын ешбір үмбетке берілмеген бес түрлі қасиет берілді:

1. Ораза тұтушының аузының исі Алланың құзырында хош иісті мисктен, сөзсіз, артық болады;

2. Ауыздарын ашқанша періштелер олар үшін Алладан истиғфар тілеп тұрады;

3. Алла Тағала Рамазан айының әрбір күні жәннатын безендіріп оған: «Менің ізгі құлдарымның ауыртпалықтар мен тауқыметтерден тастап, саған кіретін күні жақын қалды», – дейді;

4. Бұл айда жындардың біразы шынжырланып, басқа айларда істейтін нәрселерін істей алмайды.

5. Ал, соңғы түні болғанда олардың (мұсылмандардың) күнәлары кешіріледі».

Сонда сахабалар: «Уа, Расулалла! Ол түн Қадір түні ме?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.): «Жоқ, жұмысшы да ісін толық бітірген соң өзінің сыйын алмаушы ма еді? Сол сияқты», – деген».

материал «Ораза туралы жетпіс хадис» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: