19
Бейсенбі,
Ақпан

һижри

Пайғамбар (с.ғ.с) және сахабалар заманындағы тарауық намазы

Пайғамбар (с.ғ.с) және сахабалар заманындағы тарауық намазы

Ораза

Ибн Аббас (оған Алла разы болсын)  Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Рамазан айында  20 рәкағат тарауық намазын оқып, артынан үтір уәжібті оқығанын жеткізеді. (Бахаки және Ибн Аби Шайбаның Мүсәннафы).

Убай ибн Каъб (оған Алла разы болсын) тарауық намаздарында имам болып 20 ракағат және де 3 ракағат үтір намазын оқыған. Омар (оған Алла разы болсын) имамдарға тарауық намазын жамағатпен бірге 20 ракағат қылып оқуды бұйырған.

Ғалымдардың көзқарастары

Имам Қуртуби (оған Алла разы болсын): «20 ракағат таруық намазы мен 3 ракағат үтір намазы – ең сенімді риуаят».

Имам Науаи (оған Алла разы болсын) былай дейді: «Тарауық намазы – бір ауыздан мұсылманның сүннеті. Ол 20 ракағаттан тұрады».

«Соңғы жүз жылдықта ғойр муқалладиндер, яғни ешқандай мазһаб ұстанбайтын адамдар көтерген айқай- шу бұрын- соңды болған емес. Омардың (оған Алла разы болсын) заманынан бері бұл адамдардың тобы пайда болғанға дейін әлемде тарауық намазын 8 ракағат етіп оқыған мешіттер болған емес...»(Мәуләна Хабиб-ур- Рахман Азми)

материал «Ораза туралы жетпіс хадис» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: