20
Жұма,
Ақпан

һижри

Алла Тағала қандай оразаны қажет етпейді?

Алла Тағала қандай оразаны қажет етпейді?

Ораза

Алла елшісі (с.ғ.с) айтады: «Хақ Тағала жалған сөйлеген және жалғандықтан тыйылмаған пенденің ішпей-жемей жүргенін қажет етпейді». (Әбу Мусадан (р.а) Имам Бухари риуаят етті).

Түсініктеме: Имам Әл Хафиз жалған сөйлеу - өтірік айту», - десе, Имам Әт-Тоййиби (р.а) «жалған сөйлеуді» мына істерге қатысты еткен:

- күпірлік сөз;
- жалған куәлік;
- жала жабу;
- ғайбаттау;
- өтірік айту;
- лағнеттеу сияқты шариғат тыйым салған барша амал. Негізінде күнәлі істің бәрі жағымсыз қылыққа жатады.

Алла Тағала өтірік пен жаман қылықтан тыйылмаған адамның оразасын қажет етпеуі - оразасын қабыл етпеуі. Негізі Хақ Тағала ешнәрсеге мұқтаж емес. Бірақ хадисте «қажет етпейді» делінген.

Бұл бейнелі түрде айтылған сөз. Өйткені хадистің мақсаты: жалған сөйлеу секілді күнәлі іске барудан сақтандыру («Фатхүл-Бари» шарху «Сахихил Бухари»)

Алла Тағала харам істерден (өтірік айту, ғайбат, ұрлық, зиянды әрекеттер) тыйылмай, тек тамақ пен сусыннан шектелумен шектелген, жүрегі мен іс-әрекеті түзелмеген оразаны қажет етпейді. 

Алла Тағалаға қажет емес (қабыл болмайтын) ораза түрлері:

  • Тіл мен жүректі тыймаған ораза: Өсек, ғайбат, өтірік айту, біреуге тіл тигізуді тоқтатпағандардың оразасы.
  • Дене мүшелерін харамнан тыймаған ораза: Көзді арамнан, құлақты жаман сөзден, қол мен аяқты күнәлі істерден сақтамаған ораза.
  • Ниеті дұрыс емес ораза: Алланың разылығы үшін емес, елге көріну (рия) немесе диета ұстау мақсатында тұтылған ораза.

Оразаның мақсаты – аштық арқылы нәпсіні тәрбиелеп, күнәлардан арылу және тақуалыққа жету.

материал  «Ораза туралы жетпіс хадис» кітабынан алынды,

ummet.kz 


Бөлісу: