27
Жұма,
Ақпан

һижри

Рамазан күн батқанда ауыз ашу үшін ғана арналмаған

Рамазан күн батқанда ауыз ашу үшін ғана арналмаған

Ораза

Рамазан айын пайдалы өткізуді тұрақты ету мақсатындағы күнбе-күн шайқасымызда кейбір физикалық мәселелерді ойлап кетеміз: Неше сағат ұйықтадым? Қанша калория жұмсадым? Жаттығу жасадым ба?

Бұлар маңызды, дегенмен, физикалық өнімділік негізгі мақсат емес, тек қана құрал екенін есте сақтағын. Мұсылман ретінде біздің түсінігіміз, физикалық тиімділік бізге Алла Тағалаға жақсырақ қызмет ету үшін және көбірек құлшылық жасауға, физикалық мүмкіндігімізді күшейтуге көмектеседі.

Сен мына мәселелерді ойлаумен болуың керек: Алла Тағала менің оразамды қабыл ете ме? Намаздарымның барлығын сүннеттерімен бірге уақытында оқыдым ба? Құран оқыдым ба?

Есіңде болсын, Рамазан күн батқанда ауыз ашар дастарханы үшін ғана арналмаған. Ол Алла алдындағы иманыңның жаңа бір деңгейіне өз әрекеттерің арқылы қол жеткізу үшін.

Бүгін Оның разылығы үшін Рамазанды тиімді өткізу сапарына қосыламын дегендерге соңғы шақыру. Егер сен Рамазан айын дұрыс өткізу туралы өз шешіміңді әлі жасамаған болсаң, онда сен бұл қадамды қашан жасамақсың?

Ал егер де сен «мен онсыз да тиімді өткізе алам» десең, онда келесі сұрақ: шынымен Алла разылығы үшін бе?

Біз сенің осы Рамазанды еш өкінішсіз өткізуіңе көмектескіміз келеді, сондықтан бұл мүмкіндікті пайдаланып қал!

Рамазан айында жұмыс/тіршілік күніңді қай кезден бастайсың?

Күнді ертерек бастаған дұрыс па (онда ауыз бекіту күнің ұзақ болады) немесе ұйықтай алғаныңша, тұру керек болғанға дейін ұзақ ұйықтаған дұрыс па?

Менің кеңесім: сенің белсенді күнің сәресінен соң-ақ басталу керек (жоқ, қалжың емес!) Осыны бүгін/ертең жасап көргін және қалай сезінетініңді көр:

Мүмкін болғанша ерте ұйықта (ең жақсысы тарауих бітісімен). Сосын таң намазынан бір сағат бұрын тұрып жақсылап сәресін іш. Тамақтан соң аздап дем алып, таң намазын оқы, шамалы Құран оқып жұмыс күнін баста. Күніне 1-3 маңызды шаруаңды жаса, олар жұмысыңа байланысты немесе жанұяға байланысты істер болуы мүмкін. Не болса да:

Сол жұмыстардан маңызды ештеңе жоқ және оларды бітіру керек және ештеңеге басқа алаңдама!

Көп хадистерде айтылғандай, сәресі-қасиетті, сондықтан оны өткізіп алма! Күніңді сәресінен баста!

материал «Кіршіксіз Рамазан үшін» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: