21
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Шәууәл айындағы өзге де құлшылықтар

Шәууәл айындағы өзге де құлшылықтар

Ораза

Рамазан айындағы парыз оразаны өтеп болған соң, Шәууәл айынан бастап Алла Тағалаға нәпіл ғибадаттар арқылы жақындай түсу мүмкіндігі туады.

Шәууәлдағы алты күн ораза

Шәууәлдағы қосымша құлшылықтардың ең негізгісі – алты күндік ораза. Муслимнің «Сахихында» келген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім Рамазанда ораза тұтып, сосын оның артынан Шәууәлда алты күн ораза ұстаса, ол жыл бойы ораза тұтқанның сауабын алады» - деген.

Бұл хадис Шәууәлдағы алты күн оразаны тұту Аллаға сүйікті амал екенін білдіреді. Фиқһ ғалымдары хадистегі «артынша ұстаса» деген мәтінді айт мейрамынан кейін арасын суытпай жалғастырса деген ұғыммен түсіндіреді. Алайда, бұл алты күнді Шәууәлдің соңына қарай ұстаса да жалғастылық үкімі үзілмейді, деген пікірдің де дұрыс екені құлшылық кітаптарында баяндалған.

Отыз күн оразаға Шәууәлдағы алты күнді қосып тұтудың бір жылдық оразаға тең келуін шариғат ғалымдары былай түсіндіреді: Әрбір жақсылық кемінде он еселенеді. Рамазандағы отыз күніміз үш жүз күнге татыса, одан кейінгі Шәууәлдағы алты күніміз алпыс күнге тең келеді.

Ахмадтің «Муснәд» жинағында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім Рамазан оразасын ұстаса, бір ай он айға тең келеді. Ал айттан кейінгі алты күннің оразасы екі айға тең. Барлығы бір жылдың оразасына тең», – деп айтқан.

Шәууәлдағы өзге де құлшылықтар

Шәууәл айы Рамазаннан кейін келетін ай болғандықтан, бұл айда өткен оразадағы кемшіліктердің орны толықтырылады. Бұхари мен Муслимнің «Сахих» жинақтарында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Рамазан айының соңғы он күнінде жасай алмаған иғтикаф құлшылығының орынын Шәууәл айында толықтырғандығы айтылады. Мұнымен қоса, үзірлі себептермен ұсталмай қалған ораза күндерін дәл осы Шәууәл айында толықтырған жөн дейді ғалымдар.

 

материал «Ораза энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: