26
Жұма,
Сәуір

һижри

6. Рамазанның ерекшелігі

Ораза

Сұрақ: Рамазанның қандай ерекшеліктер тән?

Жауап: Рамазан – айлардың сұлтаны. Бұл – қасиетті Құран Кәрім түскен ай.

Рамазан айындағы ораза – Ислам негіздерінің бірі.

Рамазандағы құлшылық  пендені Жаратушы Иенің ерекше рахметіне лайық етеді.

Рамазанда құлшылық қабыл.

Рамазан оразасы күнәдан тазартады.

Рамазан – өзге мың айдан артық.

Рамазан Ақыретте шапағатшы болады.

Рамазан айы – тозақ отынан қалқан.

Рамазан ауыз бекітген пендеге екі шаттықты нәсіп етеді. Бірі – ауыз ашқан сәттегі шаттық, екіншісі – Алла Тағаламен жүздесскен кездегі шаттық.

Рамазан оразасын ұстағанға жәннаттағы Раййан қақпасынан кіру нәсіп№

Бұл айдағы жасалынған кіші қажылық үлкен қажылықпен тең№

Рамазан айында ұраза ұстағанның тілегі қабыл.

 

Абдуссамад Махат, «Рамазан оразасы – сұрақ және жауап»

Бөлісу: