19
Жұма,
Сәуір

һижри

Ораза – қалқан

Ораза

 

«Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) айтады: «Хақ Тағала айтады:[1] «Адам баласының барлық амалы өзі үшін. Тек ораза Мен үшін. Мен оразаның есесін беремін».[2] Ораза – қалқан.[3] Ораза ұстағандарың жаман сөз айтпасын, дауласпасын. Біреу оны балағаттаса немесе онымен жанжалдасса, ол: «Мен оразамын»,-десін.[4] Мухаммадтың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) жаны билігінде болған Аллаһ Тағаламен ант етем!

 

Қиямет күні Жаратушы Иенің жанында оразашының аузының иісі мисктің иісінен абзал. Ораза ұстауға екі шаттық бар. Бірі – ауыз ашқанда қуана-ды.[5] Екіншісі – Қияметте Раббысымен жүздескенде ораза ұстағанына қуанады».[6]

Хадисті Әбу Һурайрадан (родиял-лаһу ъанһу) Имам Бухари, Имам Муслим және Имам Насаи риуаят етті.[7]

 



[1] бұл хадис өзіне Хақ Тағаланың дегенін қамту себебінен қудси хадиске жатады. Қудси хадис – Құран аяттары тәрiздi анық уахи (хабар) етiлмеген дiнге қатысты Аллаһ Тағаланың бұйрығы. Имам Әбу Әл-Бақо өзінің «Күллийату Әбил-Бақо» атты еңбегiнде қудси хадистің түсініктемесіне қатысты: «Қудси хадис пен Құранның айырмашылығы: Құран – Жәбрәил (ғ.с.) арқылы түсірілген Хақ Тағаланың сөзі. Қудси хадис – Нәбидің (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) өз сөзімен жеткізген илһам (көңіліне салу) немесе түс арқылы келген Аллаһ Тағаланың хабары»,-деген. Осы себептен «қудси хадис» дәрежелiк жағынан Құран аяттары мен «нәбәуи хадистiң» арасында тұрады. («Қудси хадистер»)

[2] бұл сөз оразаның артықшылығы мен сауаптылығына нұсқайды. («Сахиху Муслим би шархин-Науауи»)

[3] яғни, жебеден сақтаған қалқан тәрізді ораза иесін осы өмірде күнәдан қайтарады немесе Ақыретте тозақ отынан сақтайды. («Файдүл-Қадир, Шархүл-Жәмиъис-Сағир»)

[4] яғни, тілмен айтсын немесе жүрегінде сол сезім болсын. Тілмен айтқаны жүрек талабына сай болса тіпті жақсы! («Файдүл-Қадир, Шархүл-Жәмиъис-Сағир»)

[5] Имам Құртуби айтады: «Бұл жерде шаттықтың мағынасы: ауыз ашуға рұқсат етілгеннен кейін қарын тойып, шөлдің қануы». («Фатхүл-Бари» шарху «Сахихил-Бухари») Себебі қарыны ашқанда тамақтану – табиғи нәрсе. («Сахихүл-Бухари»)

[6] яғни, оразасы қабыл болып, сауапқа қол жеткізумен. («Сахихүл-Бухари»)

[7] «Әл-Жәмиъус-Сағир», «Хашиятус-Санади ъалән-Насаи», «Риядус-Солихин», «Сунәнун-Насаи», «Сахихүл-Бухари», «Сахиху Муслим», «Файдүл-Қадир, Шархүл-Жәмиъис-Сағир», «Муснадүл-Имами Ахмад» және «Канзүл-Ъүммәл».

Бөлісу: