28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

1. Етеккірді тоқтататын дәріні қабылдау

Ораза

Сұрақ: Әйел кісінің ораза ұстау мақсатында етеккірді (хайыз) тоқтату үшін арнайы дәрі-дәрмек пайдалануына бола ма?

 

Жауап:Етеккір уақытша орын алатын құбылыс. Шариғат бойынша, хайыз уақытында әйел адамына ораза тұтпауға рұқсат.

Шын мәнінде, ораза ұстау үшін әйел қандай да бір шараға баруы міндетті емес.

Дәрігерлердің айтуынша әйел кісі етеккірді тоқтату мақсатында арнайы дәрі-дәрмек пайдаланса болады, тек ол денсаулыққа зиян келтіретін болмауы тиіс.

Айта кететін жайт, етеккірді жасанды әдіспен тоқтату зәр шығаруды тежегенмен тәрізді әректке ұқсайды. Екі жағдай да денсаулық үшін зиянды. Сол себепті, етеккірді тоқтататын дәрі-дәрмектерді мейлінше пайдаланбаған жөн.

Анығыи жалғыз Жаратушы Еге мәлім!

 

Абдуссамад Махат, «Рамазан оразасы – сұрақ және жауап»

Бөлісу: