29
Жұма,
Наурыз

һижри

Егер ісің қиындап кетсе, мына амалды жаса

Егер ісің қиындап кетсе, мына амалды жаса

Зекет

Адамның шариғаттың шеңберінен шықпаған әрбір ісі, әрбір күні ол үшін садақа, сауап табудың мүмкіндігі.

Шындығында, сауап тапқысы келген адам үшін игілікке апаратын жол өте көп екен. Алла Тағала Құранда бұл туралы:  «Қайырдан не істесеңдер де, күдіксіз Алла оны біледі» («Бақара» сүресі, 215-аят),  «Сонда кім заттың ең кішкентай бөлшегінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді» («Зілзала» сүресі, 7-аят) - дейді.

Егер ісің қиындап кетсе, садақа бер. Алла Тағала былай деген: «Ал, кім садақа берсе, тақуалық қылса әрі жақсылықты (Исламды) дұрыс деп растаса, сонда оның жолын оңайластырамыз («Ләйл» сүресі, 5-7 аяттар).

«Анығында садақаның адамды әртүрлі қауіп-қатерден, ауру-сырқаудан сақтайтын таңғажайып қасиеті бар! Тіпті, ол адам, яғни садақа беруші  көп қателік жасаған күнәһар болса да. Алла Тағала садақаның себебінен көптеген бәленің бетін қайтарады. Бұл – әлем мұсылмандарының тәжірибесінен өткен ақиқат», - дейді ғалымдар. Садақа беру ісіңізді берекелі, өміріңізді берекелі етеді.

Алланың құлдарының оянатын әрбір күні көктен екі періште түсіп, олардың бірі: «Я, Алла, Сенің жолыңда қайырымдылық етіп, садақа берушіге несібеңді арттыр» десе, екіншісі: «Я,Алла, сараңды опат қыл», - деп тілейді екен. (Бұхари) Бұл – садақа беріп, өзгелерге жақсылық жасаған адамның ризығы кеңейіп, несібесі молаятынының, өмірінің берекелі болатынының айқын дәлелі.

ummet.kz

Бөлісу: