Шүкір етуші әрі жомарт байлар мен сабырлы және намысқой кедейлер адамгершіліктің абыройы мен иләһи ризашылықта бір қатарда болады. Ал, тәкаппар, сараң байлар мен сабырсыз жәнесоның салдарынан міндетсінген, жағдайын алға тартып Аллаға қарсы келген пақырлар Исламда қор көріліп да айыпталған.
Зекет - ауқатты, бай адамдардың іс-жүзіндегі шүкіршілік көрінісі. Ал, шүкіршіліктің нығметті арттыратындығы Аллаың уәдесі. Алла Тағала былай дейді: «Ант етеміз, егер шүкіршілік етсеңдер, сендерге деген нығметтерімізді арттырғанның үстіне арттырамыз» ("Ибраһим" сүресі 7-аят).
Сондай-ақ Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм), садақа бергенді жақсы көретін және құптайтын. Ол бір хадисінде: «Ей, адам баласы! Инфәқ ет (садақа бер), саған (садақа) да инфәқ етеді...» - (Бұхари, Нәфәқат 1) деген.
Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жомарттықтың мұсылмандардың бойына сіңіп, олардың негізгі жаратылысынан болуын армандайтын. Оны былай тұжырымдаған еді: «Екі адамға ғана құштарлықпен қарауға болады. Біріншісі, Алла байлық беріп, оны хақ жолында жұмсауды нәсіп еткен адамы. Екіншісі, Алла ілім беріп, сол іліммен өзі де амал етіп, басқаларға да үйреткен, яғни, білімімен садақа берген адам» (Бұхари, Ілім 15).
Қысқасы, адам жаратылысы жағынан дүниеге бейім. Дүние-мүлік нәпсіге жағымды көрінеді. Оған алданғандар тою дегенді білмейді. Мал-мүлік жиналған сайын адам тойымсызданып,ашкөздікке салынады. Көзін материалдық зат пен мал-мүлік құмарлығы басқан адамның сүйіспеншілік пен мейірім сезімі азаяды. Садақа беріп, байлығын Алла жолында жұмсау оларғаауыр тиеді.
Оған нәпсісі: «Одан да байы, болашақта одан да көп қайыр-садақа берерсің!» - деп алдамшы ұсыныстар жасайды. Мұндай адам тән рахатын тапқанымен, рухани науқас. Сондай-ақ: «Ертең істеймін деушілер өкініште қалады!» - делінеді.
Міне, зекет - дүние-мүлікке тойымсыздықпен қарау сияқты жүрек науқасының дауасы. Алла Тағала бір аятта өлім сәтінде түсінен оянғандай, есін жинаған адамның мәңгілік өкінішпен былай дейтіндігін айтады:
«Раббым! Менің өлімімді біраз уақыт кешіктірсең, садақа беріп, салихтардан болсам!» («Мүнәфиқун» сүресі 10-аят) Зекет пен садақа бергенде әдепті болу аса маңызды. Әсіресе,беруші алушыға рахмет сезімінде болуы керек. Өйткені, алушы оны парыз болған борыштан құтқарып, сауапқа кенелтуде. Сонымен қатар берілген садақалар - берген адам үшін ауру жәнебасқа жамандықтарға қарсы қорған. Садақа берген кезде оны мұқтаждарға нәзік көңілмен ұсынудың мәнін ұғындыру үшін аятта: «Садақаларды Алла алады!» - дейді («Тәубе» сүресі 104-аят)
«Ей, иман еткендер! Аллаға және ақырет күніне сенбей тұрып, мал-мүлкін мақтан үшін берген адам сияқты міндетсіп және көңіл қалдырып, істеген қайырларыңды босқа жібермеңдер! (Садақаларыңды жоймаңдар!)» - («Бақара» сүресі 264-аят) деп бұйырылады.
Барлық жаратылыс Алланың кеңшілігінде өмір сүріп, рызық жеп жатыр. Алла Тағала жер шарының үстіндегі әр уыс топырақты, үнемі өзгеріспен, сансыз жаратылысты асырайтындай азық қоймасы түрінде қолдануда. Барлық жаратылыстың ішінде ақыл және түсінікпен безендірілген бірден-бір жаратылыс болған адамдар осы ақиқатты көріп, Раббысының мүмин-кәпір, күшті-әлсіз барлық жаратылысты тойдыруы арқылы, кімнің мүлкін кімнен алғандығын еш ойламай ма?
Алла Тағала әлемді сүйіспеншілікпен жаратып, осы махаббаттың құрметіне оны көптеген сый-сияпатқа бөлеген. Өйткені, сүюдің табиғи нәтижесі - жанқиярлық. Сүйген адам сүйгеніне қатысты сүйіспеншілігін жанқиярлықпен жасауды міндет әрі ләззат деп санайды. Бұл бір ғашықтың өз ғашығы үшін жан қиюға дейін барғаны сияқты. Ғашық болған адам осы әрекеті арқылы жанқиярлық жасағандығын ойламайды да. Алла үшін Оның мақлұқтарына жасалған қайыр сүюшінің сүйгеніне көрсеткен ең тамаша махаббатының көрінісі. Ал енді мал-мүлікпен орындалатын құлшылықтар сияқты әрі малмен әрі тәнмен орындалатын «қажылық» құлшылығы да пайғамбарлардан басталған. Демек, қажылық тұңғыш пайғамбар Адамнан (аләйһиссәләм) бастап, ақырзаман пайғамбары
Мұхаммедке (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дейін, ашық көңіл сазымен және әр түрлі естеліктерімен, иманды және көңілді кемелдендіретін әрі мақшардың үлгісін дүниеде де көрсететін: «Өлмей тұрып, өліңдер!» сырына жетуге себеп болатын қасиетті құлшылық.
материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,
ummet.kz