21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Несие алып қажылыққа барса бола ма?

Несие алып қажылыққа барса бола ма?

Қажылық

Кредит алып қажылыққа барса бола ма? Қажылығы қабыл ма? 

Сәлеметсіз бе, Балхия! Қажылық – тек шамасы келетін мұсылманға парыз.  Құранда: «Оған баруға шамасы келетінге...», - делінген (Али Имран – 97). Қарызданып-қауғаланып қажылық парызын өте деп шариғат бұйырмайды. Оның үстіне кредитке ақша алу да діннің тыйған нәрсесі. Қажылық харам жолмен орындалмайды. Орындалған жағдайда қажылық жасау парызынан құтылған болып есептелгенімен, ол үшін берілетін сауаптан мақрұм қалады, әрі онысы Алла Тағала алдында қабыл етілмейді дейді ғалымдар. Өйткені, Пайғамбарымыз айтпақшы, «Күмәнсіз Алла – жақсы. Ол тек жақсыны қабыл етеді» (Сахих Муслим – Китабуз закат. Бәбу Қубули ассадақа).  

материал «Заман тудырған сұрақтар, І том» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: