19
Жұма,
Сәуір

һижри

Тарихта қағба құрылысы қанша рет жаңартылды?

Тарихта қағба құрылысы қанша рет жаңартылды?

Қажылық

Қағба пайда болғалы бері 12 рет қайта тұрғызылған. Бұл тарихи хронология бойынша келесі ретпен баяндалады:

1. Періштелер;

2. Адам  (оған Алланың сәлемі болсын);

3. Шис (оған Алланың сәлемі болсын);

4. Ибраһим (оған Алланың сәлемі болсын);

5. Алып адамдар;

6. Жұрһум арабтары;

7. Қусай – пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) 4-ші атасы;

8. Әбдімүтәліп – пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) атасы;

9. Құрайыш руы;

10. Абдулла бин Зубайр (Алла оған разы болсын);

11. Хажжаж;

12. Осман сұлтаны Мұрад хан.

Құрайыш руы құрылыс жұмысын жүргізген кезде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) отыз бес жаста еді. Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл құрылыста маңызды міндет саналған қара тасты орнына қою тапсырылды.

материал «Пайғамбарымызды (с.ғ.с)  танисыз ба?» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: