25
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Мойнында қарызы бар адам қажылыққа бара ала ма?

Мойнында қарызы бар адам қажылыққа бара ала ма?

Қажылық

Қарыз – ол құл ақысы. Қажылық – Құдай ақысы. Кей жағдайларда, құл ақысы – құдай ақысынан бұрын келеді.

Сол себепті, қажылыққа деп айырған ақшасынан әуелі қарызынан құтылғаны абзал. Одан соң артылғаны жетіп тұрса, қажылыққа аттануына болады. Онда да, ол оралғанша отбасы тарығып қалмайтындай нәпақа қалдыруды ұмытпау керек. Қағида бойынша, дүниесі өзінің және отбасының негізгі қажеттілігінен артылмаса, оған қажылыққа бару парыз емес.

Осы тұрғыда мынадай сауал ойға келуі мүмкін: егер, қарыз иесінің өзі рұқсат берсе, қалай болады? Егер, қарыз иесі қарызының өтемін созып: "қажылықтан оралғаннан соң өтейсің" деп ризалық танытып жатса, онда баруға болады. 

Және де, бүгінде кей мұсылмандарға қажылыққа тегін жолдама бұйырып жатады. Мұндайда да мойнындағы қарызы қажылыққа баруына кедергі емес. Орындаған қажылығы саналады.

Ең дұрысы – Аллаға мәлім! 

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: