23
Жұма,
Қаңтар

һижри

Қажылық кезіндегі игілік қандай амалда көрініс береді?

Қажылық кезіндегі игілік қандай амалда көрініс береді?

Қажылық

Игілік мағынасында адамдардың басқаларға жақсылық жасаған кездегі олармен қарым-қатынасын түсінуге болады.

Кейде бұл сөз ата-анаға құрмет көрсету (биррул-уалидәйн) деп те ұғынылады, бірақ көп жағдайда барлық адамға игілік көрсету мағынасында кездеседі. Баһз ибн Хаким әкесінен жеткізген хадисте Баһздың атасы Пайғамбардан (с.а.с.): «Уа, Алланың елшісі! Игілік көрсетуге кім көбірек лайық?» – деп сұрайды. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Анаң», – дейді. Ол: «Сонан соң кім?» – деп сұрады. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Әкең», – деді. Ол тағы: «Сонан соң кім?» – деп сұрады. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Туыстық жағынан кім жақынырақ болса, сол (және сол сияқты, келесілері)», – деді.

Бір күні Пайғамбардан (с.а.с.): «Қажылық кезіндегі игілік қандай амалда көрініс береді?» – деп сұралғанда, ол (с.а.с.): «(Адамдарды) тамақтандыру және сәлемдесуді көбейту», – деген.

Бұл хадистің басқа риуаятында Пайғамбар (с.а.с.): «...жақсы сөздерді (айту) және (адамдарды) тамақтандыру», – деген. Абдуллаһ ибн Омар (Алла әкесі екеуіне разы болсын): «Игілік – оңай амал; (ол) – жылы жүз бен жұмсақ сөз», – деген. Игілік (бирр) және Құдайдан қорқу (тақуа) ұғымдары қатар кездескен жағдайда, игілік – адамдардың бір-біріне жақсылық жасаудағы өзара қарымқатынасы, ал тақуалық – Алла Тағалаға бойсұну және Оның тыйым салғандарынан бас тарту бейнесіндегі адамдардың Алла Тағалаға деген қарым-қатынасы. Сондай-ақ «игілік» деп діни міндеттерді орындауды да айтуға болады, ал тақуалық деп тыйым салынғандардан аулақ болу айтылуы мүмкін. Аллаһ тағала: «Игілік пен тақуалыққа жәрдемдесіңдер», – деген. деген.

материал «Әл-Уафи» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: