05
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Қажылық және басқа сапардан қайтқанда не айтылады?

Қажылық және басқа сапардан қайтқанда не айтылады?

Қажылық

Абдуллаһ ибн Омардан (Алла әкесі екеуіне разы болсын). Ол:

«Алла елшісі (с.а.с.) жорықтан, барлаудан, қажылықтан не умрадан қайтып, асуға не қырға көтерілгенде, үш рет тәкбір айтып, содан кейін: «Лә иләһә илләллаһу, уахдәһу лә шәрикә ләһ(у), ләһул-мулку уә ләһулхамду, уә һуә алә кулли шәйин қадиир! Әибуунә, тәибуунә, ъабидуунә, сәжидуунә, лираббинә хамидуун! Садақаллаһу уаъдаһу, уә насара ъабдәһу, уә һәзәмәл-ахзәбә уахдәһ(у)

(Алладан басқа ешбір құдай жоқ, Ол жалғыз, Оның серігі жоқ, патшалық Оған тән, мадақ та Оған тән және Ол барлығына Құдіретті! Біз қайтып келеміз, тәубе қыламыз, құлшылық етеміз, сәжде жасаймыз және Раббымызды мадақтаймыз! Алла уәдесін шындыққа шығарды, құлына жәрдем берді және жалғыз Өзі (дұшпандар) одағын ойран қылды», – деп айтатын», – деген (1344/428).

материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: