21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Шайтанға тас лақтыруда өкілдік

Қажылық

Ислам – жеңілдік діні, сондықтан түрегеп тұрып намаз оқи алмайтындай дәрежеде ауру не кәрі кісілер өздерінің орнына басқа адамды өкіл жасап, лақтыртуларына болады.

Өкіл адамдар бірінші өздері үшін лақтырып, содан кейін басқасының орнына лақтырады. Бірақ, күндіз лақтыра алмағандар түнде лақтыра алатын болса, күндіз басқа біреуге лақтыртуға болмайды. Түнде өздері лақтырады.

Лақтырылмай қалған тастардың қазасы бола ма?

 Уақытында лақтырылмаған тастардың тас лақтыру күндері қаза етіліп, лақтырылуы уәжіп. Тас лақтыру күндері айттың төртінші күні күннің батуымен аяқталады. Төртінші күні күн батқаннан кейін лақтырылмаған тастар қаза етілмейді. Әбу Ханифаның айтуынша, лақтырылмаған тастар айттың төртінші күні күн батқанға дейін қаза етілсе де, жаза өтеу түспейді. Ал Имам Юсуп пен Имам Мұхаммедтің айтуларынша, жаза түседі.

Ummet.kz

Бөлісу: