27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Қажылық ғибадатының үкімі

Қажылық ғибадатының үкімі

Қажылық

Қажылық ғибадаты шамасы жеткен әрбір адамға өмірінде бір рет парыз.

 

Қажылық парыз екенінің дәлелдері

(Құран, сүннет, ижмағ)

  1. Құран

«Ол жерге баруға шамасы жеткен барлық адамға Алла үшін Қағбаны зиярат етіп, қажылық жасау парыз»[1]. «Қажылықты және умраны Алла үшін тәмамдаңдар»[2].

  1. Сүннет

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген:«Ислам діні бес негізден тұрады: Алладан басқа тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммедтің (с.а.у.) Алла тарапынан жіберілген шынайы елші екендігіне куәлік келтіру, намаз оқу, зекет беру, Рамазан оразасын ұстау, шамасы келсе қажылыққа бару»[3].

«Күмәнсіз, Алла Тағала сендерге қажылықты парыз қылды, қажылықты орындаңыздар»[4].

  1. Ижмағ

Ислам ғұламалары шамасы жеткен әркімге қажылық ғибадатының ғұмырында бір рет парыз екендігіне бір пікір білдірген.

Қажы ғибадатының парыз болуы үшін қажетті шарттар белгілі бір адамда толық болса, оған дереу         қажылық жасау шарт па?

Қажы ғибадатының парыз болуы үшін қажетті шарттар белгілі бір адамда толықса, ол кісіге ертерек қажылық жасау парыз. Шамасы келе тұра қажылықты кешіктірген күнәһар болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Қажылықты орындауда асығыңыздар! Өйткені, сендердің ешқайсыларың өлімнің қай уақытта келіп жететінін білмейсіңдер»[5], – дейді.

(Материал "Ислам ғылымхалы" кітабынан алынды)

 _____________________

[1] «Әли Имран», 3/97

[2] «Бақара», 2/196.

[3] Тирмизи, Иман, 3; Бухари, Иман,1; Муслим, Иман,21.

[4] Муслим, Хаж,412.

[5] Әбу Дәәуд, Мәнасик,5. Ибн Мажә, Мәнасик,1.

Бөлісу: