19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Намаздың мәкрүһтері

Намаздың мәкрүһтері

Бес парыз

1) Намазда денесімен немесе киімімен ойнау, саусақтарын шытырлату, саусақтарын айқастыру, қолдарын бүйіріне таяу;

2) Есінеу, керілу;

3) Көздерін жұму, оңға, солға және жоғарыға қарау (қарағанда кеудесі құбыладан басқа жаққа бұрылса, намаз бұзылады);

4) Жеңін түріп, намазға тұру (әйелдер жеңін түріп намаз оқыса, намазы бұзылады);

5) Үзірсіз яғни, себепсіз намазда малдас құру, жартылай отыру, жүрелеп отыру;

6) Адамға қарап немесе жанып жатқан отқа қарап намаз оқу, (шыраққа, электр шамға, балауыз шамға қарап оқу мәкруһ емес);

7) Бетіндегі терді немесе шаңды сүрту, қасыну, сәжде қылатын жердегі тастарды түзету (бұларды мазасын алатындай, кедергі жасай-тындай жағдайда ғана жасаса мәкрүһ болмайды);

8) Рүкуғда және сәждеде тәсбихтерді айтпау немесе үштен аз айту;

9) Намаз оқитын адамның алдында, үстінде, сол және оң жағында жаны бар нәрсенің суретінің болуы немесе жаны бар нәрсе суреттерінің үстінде сәжде қылу (көрініс сияқты жансыз нәрселердің суреттері ештеңе етпейді);

10) Намазда бір нәрсеге сүйену;

11) Сәждеде тек қана маңдайын тигізіп, мұрнын тигізбеу;

12) Сәждеге барғанда қолдарын тізелерінен бұрын жерге қою. Сәждеден тұрғанда тізелерін қолдарынан бұрын көтеру (ауруға байланысты жасайтын болса мәкрүһ емес);

13) Жол үстінде, лас жерде, мазар үстінде, лас болған нәрсеге жақын жерде, иесі рұқсат етпеген мекенде намаз оқу;

14) Екінші рәкағатта, бірінші рәкағатта оқыған сүре немесе аяттан ұзын сүре немесе аят оқу;

15) Жатқа білетін сүресі бола тұра, екі рәкағатта да бір сүрені қайталап оқу;

16) Екінші рәкағатта бірінші рәкағаттағы сүреден немесе аяттан бұрынғы сүре немесе аятты оқу; Қысқа сүрелерді оқығанда (бастан-аяқ) жоғарыдан төмен қарай оқылады. Мәселен: Бірінші рәкағатта “Фа-тихадан” кейін “Әләм-тәраны”, екінші рәкағатта “Ли ийләфиді” оқыса дұрыс. Бірақ бірінші рәкағатта “Ли ийләфиді” оқып, екінші рәкағатта “Әләм - тәраны” оқыса мәкрүһ болады.

17) Бірінші рәкағатта бір сүрені оқып, екінші рәкағатта арада бір сүре тастап, келесісін оқу;Яғни; бірінші рәкағатта  “Әләм тәрәны” оқыса, екінші рәкағатта“Ли ийләфиді” оқудың орнына, оны аттап “Әра әйтәлләзиді” оқу – мәкрүһ. Бірақ екі немесе одан да көп сүре тастаса мәкрүһ болмайды.

18) Намаз оқығанда сырт киім немесе жейдесін кимей, жамылу;

19) Намазда көзін жұму;

20) Мешітте алдыңғы сапта ашық жер бола тұра артқы жаққа тұру.

Бөлісу: