Ерлерге мейлі жеке, мейлі жамағатпен болсын парыз бен қаза намазға тұрар алдында қамат айту – мүәккад сүннет.
Тек ер кісілер ғана қамат айтады, әйел кісілер қамат айтпайды.
Қаматтың сөздері азан сөздерімен бірдей. Тек қана «Хаййә аләл-Фәләх» дегеннен кейін:
قَدْ قَامَتِ الصَّلاة, قَدْ قَامَتِ الصَّلاةُ
«қад қаматис-салааһ» (Намаз басталды) деп екі рет айтылады.
Қамат
Ерлер қамат айтарда қиямға тұрып, жүздерін құбылаға қаратып былайша қамат айтады :
Аллаһу әкбар (4 рет)
Әшһәду әл-ләә иләһә ил-лаллаһ (2 рет)
Әшһәду әннә Мухаммәдәр-Расулуллаһ (2 рет)
Хаййә алас-саләһ (2 рет)
Хаййә аләл-фәләх (2 рет)
Қад қааматис-салааһ (2 рет)
Аллаһу әкбар (2 рет)
Ләә иләһә ил-лаллаһ (1 рет)