Азаншылық – аса ерекше мамандық.
Пайғамбарымыз (ﷺ) азаншылықтың ерекшеліктері туралы көптеген хадистерінде айтқан. Бұлардың кейбірінен мысал келтіре кетейік:
«Азаншы даусының естілген жерінің көлеміне қарай күнәсі кешіріледі. Даусы естілген жердегі барлық нәрсе оған куәлік етеді»[1].
Басқа бір хадисінде Пайғамбарымыз (ﷺ): «Иә, Алла, имамдарды тура жолға сал, тура жолдан айырма, азаншыларға кешірім ет!»[2] - деп олар үшін дұға етеді.
(«Ислам ғылымхалы» кітабынан алынды)
____________________
[1] Бухари, Әзәб, 107.
[2] Әбу Дәәуд, Салат: 32.