16
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Діни тұрғыдан таза саналатын нәрселер

Діни тұрғыдан таза саналатын нәрселер

Пәтуа all

Жер бетіндегі су, тау-тас, өсімдіктер мен ағаштар, жемістер, гүлдер, т.с.с. табиғат әлемі, доңызды қоспағанда барлық жан-жануарлардың ауыр не жеңіл нәжәсат тимеген денесі (Доңыздың еті, терісі, түгі, яғни бүкіл денесі нәжіс. Киімге немесе денеге жоғарыда аталғандардың бірі тисе былғанғандықтан жуып тазалау шарт). Шафиғилер доңызбен қатар итті де нәжіс санайды.

Бит, бүрге, қандаланың қаны таза.

Суда өлген балықтар мен өзге теңіз жануарлары таза әрі бұлардың қаны да таза. Киімге тисе былғанбайды.

Еті жеуге жарайтын жануарлардың зәрі мен тезегі (қиы) жеңіл нәжәсат болғанымен, сілекейлері таза саналады.

Діни шарттарды негізге ала отырып бауыздалған жануарлардың терісі, сондай-ақ бауыздалған малдың бауырында, жүрегінде, көк бауырында (талақ) және етінде қалып қойған қан таза болып есептеледі.

Доңыздан басқа, бауыздаусыз сойылған жануарлардың, өлексенің еті жарамсыз болғанымен, қан жүрмейтін дене мүшелері – мүйізі, тұяғы, тырнағы, сүйегі, жүні, түгі және иленген терілері таза.

Бұзылған тағам, қышқылданған май, сасып құрттаған ет немесе ірімшік, өзінің тазалық қасиетін жоғалтпайды. Дұрысы денсаулыққа зиянды болғандықтан тұтынбаған абзал.

Үй мысығының зәрі тиген ыдыс пен су былғанады. Алайда зәр тиген киім былғаныш емес. Мысықтың сілекейі мен жеген тамағының қалдығы таза саналады.

Адам зәрінің иненің жасуындай немесе иненің көзіндей шамада шашырауынан дене немесе киім нәжіс болмайды. Мұндай киіммен намаз оқуға болады. Бірақ осындай шамадағы зәр, аз мөлшердегі суға шашырағанда су жарамсыз болады.

Өртенген нәжіс нәрсенің, мәселен, тезектің түтіні киімді былғамайды.

Көшенің батпақ-балшығы құрамында көң (қи) болса да таза, бұлар тиген киім былғанбайды.

Дәрет немесе ғұсылда қолданылған су таза саналғанымен былғаныш нәрсені тазалауға жараса да, қайтадан дәрет не ғұсыл алуға жарамайды.

Былғаныш төсекте не болмаса жерде жатып ұйықтаған адамның үсті-басы егер нәжістің ізі білінбесе нәжіс болып саналмайды.

Құрғақ киім егер дымқыл әрі нәжіс топырақтың үстіне жайылса, жайылған заттың үстіне дақ өтпейінше таза саналады.

материал «Исламдағы тазалық» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: