26
Жұма,
Сәуір

һижри

Көз, құлақ және мұрын тазалығы

Көз, құлақ және мұрын тазалығы

Пәтуа all

Көзді  жуу  –  көздің  майда  қан  тамырларының,  бұлшық  еттерінің  жұмысын  жақсартады.  Көздің  қабынуына  сеп  болатын  микробтарды  жойып,  көз  шарасындағы кірді тазартады әрі зейінді өткір қылады.  Сонымен қатар көзді салқын сумен шаю, шаршағанды  басады.

Мұрынды (кеңсірікті) сумен тазарту тыныс алуды  жеңілдетеді.  Мұрын  айналасындағы  синустардың еркін босауына, мұрын қуысындағы иірімдердің ауаны  жылыту қабілетінің күшеюіне септігін тигізеді. лакит  ибн Сабира (р.а.) Пайғамбарымызға: «Уа, Алла елшісі,  дәрет  алу  туралы  айтсаңыз  екен?», –  дегенде,  ол:  «Дәретті  жақсылап  ал,  саусақ  арасын  салалап  жу,  ораза болмасаң кеңсірігіңе суды жақсылап тарт», –  деп мұрынды жақсылап тазалауға кеңес берген.  Хазірет  Пайғамбарымыз  тағы  бірде: «Ұйқыдан  тұрғанда  үш  мәрте  кеңсірікке  су  жіберіп  сің-біріңдер!», – деген.

Мұнда айта кететін нәрсе өрескел  дыбыс  шығарып,  мұрынды  қатты  сіңбірмеген  жөн.  Өйткені, Ислам – тазалықпен қатар сыпайылық діні.  Әсіресе жол үстіне, адамдар көп жүретін орындарға,  ашық  алаңқайларға  сіңбіру  –  жиіркенішті  қылық.  Көпшілік ортасында мұрын шұқылау, ішіндегі түгін  жұлу  әдепсіздіктің  белгісі  әрі  денсаулыққа  зиянды  екенін ескерген жөн.

материал «Исламдағы тазалық» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: