24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Дүниелік заттарға байланысты кісі ақысы

Дүниелік заттарға байланысты кісі ақысы

Пәтуа all

Ұрлық, тартып алу, қулық немесе алдау арқылы мал табу, біреудің дүниесіне зиян келтіру, жəне де біздің заманымызда кеңінен етек жайған пара алу сияқты əділетсіздік арқылы табылған дүние кісі ақысына жатады.

Алланың əміріне құлақ аспай, осындай күнə жасаған пенде дереу тəубе етіп, біреудің көз жасымен қайғысының үстінен тапқан дүниесін иесіне қайтарып, иесінен кешірім сұрауы керек. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) біреудің ақысын жеу арқылы табылған дүние жəне де тілімен адамдардың намысына тию арқылы біреудің ақысын жеу туралы былай дейді: «Егер біреу бауырының намысына немесе дүниесіне рұқсатсыз тиіссе, алтын мен күміс болмайтын қиямет-қайым келмей тұрып, оның ризашылығын алсын. Олай жасамаған жағдайда, жасаған сауаптары керегінше ақысы желінген адамның амал дəптеріне жазылады. Сауабы аздық еткен жағдайда ақысы желінген адамның күнəлары ақысын жеген адамның амал дəптеріне жазылады».

Біреудің ала жібін аттау арқылы табылған малда береке болмақ түгілі, арам саналады. Соған байланысты Пайғамбарымыз ((Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім өзінің меншігінде емес затты иеленбек болса, ол адам бізден емес. Ол тозақтағы орнына дайындалсын» деп, кісі ақысының қаншалықты маңызды екенін айтып өткен. Біреу арам жолмен тапқан малын заң жүзінде өз атына жаздырса да, шариғат бойынша малдың адал болып саналмайтыны сөзсіз. Шариғат ол адамнан дүниені иесіне қайтарып, кешірімін дер кезінде сұрауды талап етеді.

материал «Ала жіпті аттама» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: