27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Арнайы күндерде әйелдердің  ғибадаттардан аулақ болуының сыры

Арнайы күндерде әйелдердің  ғибадаттардан аулақ болуының сыры

Пәтуа all

Алла тағала әйелдерді ерекше қасиетпен жаратқан  және әйелдер үшін айдың белгілі күндерінде дәретсіз  болуымен ерекшеленетін хайыз деп аталатын арнайы (сырқатты)  жағдай  орын  алатындай  етіп  жаратқан.

Осы арнайы күндерде жауапты болып табылатын кей  істерді  жасауына  тыйым  салынған.  Негізінде  мұндай  шектеуші  үкімдер  еркектер  үшін  де  бар.  Мәселен, жүніп  болған  жағдайда  немесе  намаз  дәретінің  бол-мауы  жағдайында  Құранға  қол  тигізуге  немесе  оқуға болмайтындығы секілді.

Әйел  баласы  табиғи  болмысы  және  қоғамдық өмірдегі еңбек бөлінісі тұрғысынан көптеген қиындық пен  ауыртпалықты  көтеретіндей  айрықша  жараты-лыс  иелері  екені  белгілі. олар  бір  жағынан  балала-рын  тәрбиелеп,  үй  істерімен  шұғылданса,  екінші жағынан  ғибадаттарын  да  толыққанды  түрде  жүзеге асырулары  қажет.  Міне  сондықтан  да Алла  тағала көптеген хикметі бар хайыз күндерінде әйел баласын намаз,  ораза  секілді  парыздардан, Құран  оқу  секілді нәпіл  ғибадаттан  босатқан.  Қала  берді,  әйел  мұндай күндерінде  де  осы  ғибадаттарды  жасап  жатқандай сауапқа  кенеледі.  Әрине,  егер  хайыз  күндерден  басқа кездерінде де жоғарыда аталған міндеттерін орындап жүрген жан болса. Ендеше, хайыз кезеңінің хикметіне жіті  назар  салсақ,  әйелдер  үшін  жеңілдетілген  нағыз әділдік екенін байқауға болады.

материал «Исламдағы тазалық» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: