19
Жұма,
Сәуір

һижри

Киімді химиялық жолмен тазалау туралы

Киімді химиялық жолмен тазалау туралы

Пәтуа all

Фиқх кітаптарында киімді нәжәсаттан тазалаудың  шарттары  белгіленген. осыған  орай  көзге  көрінетін нәжәсат (мәри нәжәсат) тиген киім оның ізі қалмайынша жуылуы  міндетті. 

Егер  нәжәсат  киімге  сіңіп  дақ болып  кетпесе,  киімді  үш  қайтара  жуып  шайып,  әр жуғанда қолдың бар қуатымен қатты сығу жеткілікті. Байқалмайтын нәжәсат (ғайру мәри  нәжәсат) тиген киім  болса үш  қайтара  жуу  және  сығу  арқылы  тазартылады. Сондай-ақ,  кіржуғыш  ыдыста  нәжіспен былғанған  киіммен  бірге  жуылған нәжіс  тимеген  кір киім  – нәжіс  тиген  болып  саналып,  тазартуды  талап етеді. Оны тазарту жоғарыда айтылғандай нәжіс тиген киімді  тазарту тәртібімен  жүзеге  асады. Сондықтан ондай киімдерді бөлек жуған дұрыс.

Ал  енді  киімді  химиялық  жолмен  тазалау  мәсе-лесіне  тоқталайық.  Діни  тазалық  тұрғысынан кір басқа, нәжәсат басқа. Киімге нәжәсат тиген болса мұны сумен жуып қана тазалау керек. Ал егер киім нәжіспен былғанбаса, жай ғана кірлеген болса мұны химиялық жолмен тазартуға болады. Мәселен, киімге сия тамса бұл жай кір болғаны, нәжіс болып саналмайды. Мұны химиялық жолмен тазартуға келеді.  Алайда қан, зәр, құсық, иттің зәрі және тезегі секілді  нәжәсатпен былғанғаны үшін киімді  химиялық  жолмен тазарту мүмкін емес. Дегенмен химиялық тазалау барысында суменен де тазартылатын болса және көзге көрінетін, көрінбейтін нәжісті сумен тазалаудың жоғарыда аталған шарттары орындалатын болса, киім нәжәсаттан тазарған болып саналады.

материал «Исламдағы тазалық» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: