28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

SМS арқылы берілген талақтың үкімі қандай?

SМS арқылы берілген талақтың үкімі қандай?

Пәтуа all

Бүгінгі таңда кейбіреулер сыртта жүріп SМS арқылы үйіндегі әйеліне талақ беріп жатады.

Мұның үкімін фиқһ кітаптарындағы хат арқылы талақ беру үкімімен сәйкестіруге болады. Ханафилер бойынша, ері әйеліне хат жазып сол хаттың сыртына әйелінің аты-жөнін анық жазылып, хатта «Сені талақ еттім» деген сияқты сөздермен талақ берілген болса, талағы түседі. Ал, хаттағы жазылған сөздер «Киіміңді жинай бер», «Үйіңе қайт» деген сияқты астарлы мағынадағы сөздермен жазылған болса, үкім ер адамның ниетіне қарай іске асады. Ниеті талақ ету болса, талақ түседі. Ниеті талақ ету болмаса, талақ түспейді. SМS арқылы хат жолдап, талақ берудің үкімі де міне осыған ұқсас болады.

материал «Үкім аяттардың тәпсірі» кітабынан алынды,

ummet.kz

  

Бөлісу: